
«Мектепке жол» республикалық акциясы жалпыға бірдей міндетті білім алуды қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
2025 жылғы акцияның басталуы – 1 тамыз, аяқталуы – 30 қыркүйек.
Ақсуат ауданы бойынша акция 28 тамыз күні басталып, оған аудан әкімі, ауыл әкімдері және бөлім басшылары қатысты.
Акцияның ашылуында Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары Жәудат Жанатұлы, Білім бөлімінің басшысы Қыдырмолдин Амангелді Шаймұратұлы, аудандық кәсіпкерлер қауымдастығының төрайымы Манат Әлімжанова, әйелдер кеңесінің төрайымы Жұмаш Махановна құттықтау сөз сөйлеп, 1 сыныпқа баратын оқушыларға мектеп формасы, спорттық аяқ киім және кеңсе тауарларымен көмек көрсетілді.
2025–2026 оқу жылында «Мектепке жол» акциясы аясында:
1 сыныпқа баратын 46 оқушыға мектеп формасы, спорттық аяқ киім және кеңсе тауарлары берілді;
Әр ауылдан демеушілер есебінен 75 оқушыға көмек көрсетілді;
Қазақстандық кәсіпкер, меценат, «TAS GROUP» компаниялар тобының негізін қалаушы Дулат Тұрсынұлы Тастекей Екпін ауылындағы 1 сыныпқа баратын 25 оқушыға сумка сыйлады;
Облыстық депутат Қасенов Қайырлы Амангелдіұлы оқушыларға 100 сумка табыс етті;
Тоғас батыр атындағы орта мектепті 2003 жылы бітірген кәсіпкер Ерназ Нұрланұлы акцияға өз үлесін қосып, 50 оқушыға 50 сумка сыйға тартты.
Акция жыл бойы жүргізілетіндіктен, алдағы уақытта да әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларға демеушілік қолдау көрсетіледі.
Жалпы, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясы жаңа оқу жылына дайындық кезінде материалдық көмек көрсетіп, балалардың мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталған.