Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Толағай мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызмет

Байланыс ақпараттары

Қабылдау бөлімі: 8 777 368 9706
Электрондық пошта: tarb_tolagay@mail.ru

Әлеуметтік желілер:

Мектеп сайты: https://tolagay-aksuat.edu.kz

Мекенжайы: Арап батыр көшесі, ғимарат 13/1


Жалпы мәліметтер

  • Салынған жылы: 1990

  • Жобалық қуаттылығы: 20 орын

  • Барлық қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер саны: 13 / 3

  • Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны, сипаты: 96,32 м², 1 қабатты, саман/силикаттан салынған

  • Оқу кабинеттерінің саны: 1

  • Жылу жүйесі: Жылу қазандық




Мектептің тарихы

Бастапқы кезеңі (1997-2013)
1 қыркүйек 1997 жылы мектеп Қожакелді бастауыш мектебі ретінде ашылды. Аудандық білім бөлімінің №3 бұйрығымен Р. Алимжанова мектеп меңгерушісі болып тағайындалды. 1997-2013 жылдар аралығында мектеп Қожакелді бастауыш мектебі ретінде қызмет атқарды.

Қайта тіркелу және қазіргі атауы (2013-2022)
30 қазан 2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай ауданының Әділет басқармасының №88 бұйрығы негізінде мектеп қайта тіркеліп, «Толағай» мектеп-балабақша кешені КММ (БСН 130140023781) болып жұмысын жалғастырды.

Қазіргі кезең (2022 жылдан бастап)
2022 жылдан бастап мектеп атауы өзгеріп, Абай облысы, Ақсуат ауданы «Толағай» мектеп-балабақша кешені» КММ болып тіркелді.