Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызмет

Байланыс ақпараты

Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 50-340
Бухгалтерия: 8 777 350 5482 Тоғжан
Электрондық пошта: aksuat.koktubek@mail.ru

Әлеуметтік желілер:

Сайт: http://koktubek-aqsuat.edu.kz

Мекенжайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көктүбек ауылы, Ж. Аймауытов көшесі 2/1
2GIS картасындағы мекен-жай: https://go.2gis.com/xoOZ6


Негізгі ақпарат

Салынған жылы: 1991 ж.
Жобалық қуаттылығы: 80 орын
Қызметкерлер саны / педагогтер саны: 45 / 23
Ғимараттың жалпы ауданы: 595,7 кв.м
Оқу кабинеттерінің саны: 7
Жылу жүйесі: Жылу қазандығы


Мектептің тарихы

Абай облысы, Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Көктүбек орта мектебі» ғимараты 1991 жылы бейімделіп салынған. Мектептің жобалық қуаты – 80 орын, оқу кабинеттері – 7.

Мектепте 9 сынып комплектісі бар, бірақ оқу кабинеттерінің жеткіліксіздігіне байланысты оқушылар екі ауысымда білім алады. Балабақша ғимараты мектептен бөлек орналасқан.

Қазіргі таңда мектептің жалпы саны:

  • Оқушылар – 36

  • Шағын орталық тәрбиеленушілері – 11

  • Барлығы – 47 бала

Мектеп балабақша кешені ретінде қызмет атқарады. Алайда қазіргі жағдай келесідей:

  • Арнайы пән кабинеттері жоқ

  • Жабдықтар ескі

  • Кең сыныптар жеткіліксіз

  • АӘД кабинеттері мен медициналық кабинет жоқ

  • Көркем еңбек пәні үшін жеке кабинеттер жеткіліксіз

  • Арнайы АКТ залы жоқ

  • Асхана мен спорт зал бейімделген, бірақ спорт залы заманауи талапқа сай емес, оқушыларға киім ауыстыру бөлмесі қарастырылмаған

Мектептің инфрақұрылымын жаңарту және заманауи жабдықтармен толықтыру қажет.