Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Өкпеті орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызмет

Байланыс ақпараты

Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 51-100
Бухгалтерия: 8 702 141 8212
Электрондық пошта: aksuat_okpety64@mail.ru

Әлеуметтік желілер:

Мектептің сайты: http://aqsuat-okpeti.edu.kz/

Мекен-жайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Үштөбе ауылы, Шәкіби көшесі 60
2GIS картасындағы мекен-жай: https://go.2gis.com/imADi


Негізгі мәліметтер

  • Салынған жылы: 2008

  • Жобалық қуаттылығы: 180 орын

  • Барлық қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер саны: 63 / 36

  • Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны, сипаты: 1135,4 кв.м, – қабатты

  • Оқу кабинеттерінің саны: 15

  • Жылу жүйесі: қатты отынмен жылытылатын




Мектептің тарихы

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылындағы білім ордасы – «Өкпеті» орта мектебінің тарихы 1934 жылдан басталады. Сол жылы Қабанбай шатында 20 оқушыға білім беру ұйымдастырылып, мектептің іргетасы қаланған. Мектептің алғашқы директоры әрі ұстазы – Қапанұлы Шайқожа болды.

1936 жылы Үштөбе ауылында мектеп ғимараты тұрғызылып, оған «Ленин жолы» мектебі деген атау берілген.

  • 1934–1948 жылдары мектеп бастауыш мектеп болды.

  • 1948–1967 жылдары – жетіжылдық мектеп.

  • 1968–1983 жылдары – сегізжылдық мектеп.

  • 1984 жылдан бастап орта мектеп дәрежесін алды.

1996 жылдан бастап мектептің атауы бұрынғы «Ленин жолы» атауынан «Өкпеті» орта мектебі болып өзгертілді.

2008 жылғы 1 қыркүйекте мектеп жаңа, 180 орындық ғимаратқа көшті. Жаңа мектепті салған компания – «Зайсан» құрылыс компаниясы, президенті – Б. Нұрасыл.