«Астрахан ауданы бюджетінің атқарылуы туралы 2023 жылғы жылдық есепті бекіту»

        Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Асхат Базарбайұлы Қаркенов ағымдағы жылдың 22 мамырында Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі бойынша кезекті сессиясының жұмысына қатысты.

        Астрахан аудандық мәслихатының сессиясында аудан әкімі Талғат Аманбайұлы Ерсейітов тиісті баяндама жасады.

        Депутаттардың назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылғы Астрахан ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытындысы ұсынылды.

        Қорытындыда 2023 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуының негізгі проблемалық мәселелері атап өтілді, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Бюджетті орындау кезінде кемшіліктердің болуы көрсетілді.

        Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы ҚР заңнамасының талаптарын сақтау, бюджеттік жүйе қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берді.

        Жалпы, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.