«Бұланды ауданы Макинск қаласы әкімінің аппараты» ММ-да мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды
2020 жылғы қараша айында «Салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсетін түсімдерінің толықтығы мен уақтылығының, аумақты дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, сондай-ақ Бұланды ауданына бөлінген бюджет қаражатын (активтерін) пайдалануына мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша Макинск қаласы әкімінің аппаратына 422,8 мың теңге мөлшеріндегі соманы бюджетке өтеу және 1974,8 мың теңге мөлшеріндегі соманы қалпына келтіру нұсқалды.
2023 жылғы шілде айында мемлекеттік аудит объектісі осы талаптарды толық көлемде орындады.