«Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды

        2021 жылғы сәуір айында «Ақмола облысының білім басқармасына және оның ведомстволық бағынысты мекемелері мен кәсіпорындарына бөлінген бюджет қаражатын (активтерді) пайдаланудың мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-ға бюджетке 562,046 мың теңге мөлшерінде соманы өтеу нұсқалды.

        2022 жылғы қараша айында мемлекеттік аудит объектісі осы талаптарды толық көлемде орындады.