Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Біржан сал балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды
2022 жылғы мамыр айында «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына және оның ведомстволық бағынысты мекемелері мен кәсіпорындарына бөлінген бюджет қаражатын (активтерін) пайдаланудың мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша Біржан сал ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне 177,7 мың теңге мөлшеріндегі соманы бюджет кірісіне өтеу нұсқалды.
2022 жылғы тамыз айында мемлекеттік аудит объектісі осы талаптарды толық көлемде орындады.