Целиноград аудандық мәслихатының кезекті VII сессиясы өтті
Ағымдағы жылдың 18 мамырында Целиноград аудандық мәслихатының кезекті VII сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Целиноград ауданының әкімі Б.А. Оспанбеков, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Д.М. Нұрмағанбетов қатысты.
Сессия барысында "2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы", "2020 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы" жоспарлы мәселелер қаралды.
Сессияда Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Д.М. Нұрмағанбетов баяндама жасады.
