«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2021 жылғы 19 қазандағы № 6-4 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында мүгедек бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының шешім жобасы бойынша пресс-релиз

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының шешімінің жобасы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихаты шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын іске асыруға бағытталған.

Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты - мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15082422

Аққайың ауданы әкімдігінің

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының м.а.

      О. Бутяева