Нұр-Сұлтанда ҮЕҰ-мен өзараіс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Нұр-Сұлтанда ҮЕҰ-мен өзараіс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

 

Нұр-Сұлтанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысын аша отырып, министр Даурен Абаев министрлік Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты кеңес отырысының күн тәртібі Жолдаудың өзекті трендтері бойынша құрылғанын атап өтті.

«Қасым-ЖомартТоқаев өз Жолдауында әлеуметтік саясат пен азаматтық секторды дамытуға баса назар аударды. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл механизмдерін жетілдірудегі бірлескен жұмысы қажет болып отыр», – деп атап өтті Даурен Абаев.

Кеңес отырысына қатысушылар қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2019 - 2023 жылдарға арналған Жол картасын және полиция қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту жөніндегі Жол картасын іске асыру, Азаматтық бақылау құралдарын енгізу және мемлекеттік функцияларды коммерциялық емес секторға беру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде 2025 жылға дейін Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасында ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер, сараптамалық қоғамдастық, азаматтық белсенділерді кеңінен тарта отырып, азаматтық бақылау жүйесін енгізу, мемлекеттік функцияларды үкіметтік емес секторға беру процесінің белсенді фазасына көшу және т.б.шаралар көзделгенін хабарлады.

Негізгі баяндамашылар «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті, «Десента» ҚҚ директоры, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Ұлттық экономика, денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері болды.

Кеңес отырысының жұмысына ірі ҮЕҰ басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдеріқатысты. Сондай-ақ кеңес отырысына бейнеконференция байланысы режимінде өңірлер қосылды.

ҚР АҚДМ жанындағы Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.