Астанада қоғамдық кеңестердің II Республикалық мәжілісі өткізілді
Астанада қоғамдық кеңестердің II Республикалық мәжілісі өткізілді
Астанада қоғамдық кеңестердің II Республикалық мәжілісі өткізілді
2019 жылы 8 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің өткізуімен, Қазақстан Республикасы Азаматтық Альянсымен бірлесіп, қоғамдық кеңестің II Республикалық Мәжілісі жұмысын бастады.
Мәжілістің өткізген мақсаты – оң тәжірибе алмасу және қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдарар асындағы ынтымақтастықты одан әрід амыту үшін механизмдермен бағыттарын айқындау.
Мәжілісінің жұмысы барысында қатысушылар қоғамдық кеңестер туралы заң жобасының негізгі ережелерін, олардың қызметін бағалау жүйесін қалыптастыр у мәселесін және олардың одан әрі дамыту перспективаларын қарады.
Республикалық мәжіліс қоғамдықтың дауларға, мониторингке және қоғамдық сараптама, мониторинг өткізу, сондай-ақ қоғамдық кеңестерге қатыстыру арқылы, азаматтарды талқылауға және шешімдер қабылдауға тарту бойынша, панельдік пікірталастар мен оқыту семинарларын жалғастырды.
Іс-шараға қоғамдық кеңестер өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, ҮЕҰ, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты, олардың жалпы саны 300-ден астам.
Іс-шара нәтижесінде, қоғамдық кеңестердің қоғамдық кеңестерге қызметін одан әрі жетілдіру бойынша, қатысушылардың ұсынымдары дерлік нақты шешім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық кеңестер – мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогтың нысаны ретінде 2016 жылы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын іске асыру шеңберінде құрылған болатын.
Бұл, мемлекеттік емес институттар – мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың ашықтығын арттыру ғабағытталған консультативтік-кеңесші, қадағалау органдары болып табылады.
Қазақстанда республикалық және жергілікті деңгейде 229 қоғамдық кеңес бар (республикалық деңгейде - 16, облыстық деңгейде - 213). Қоғамдық кеңестердің жұмысына 3907 адам қатысады.
Қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 12 мыңнан астам нормативтік-құқықтық акті жобасын қарады. Мемлекттік қызметтер сапасы, және т.б. мәселелер бойынша 1069 қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды, 213 түрлі деңгейдегі әкімдер, 16 орталық және 1300-ден астам жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысы тыңдалды.