ҮЕҰ-мен өзараіс-қимыл жөніндегі уәкілетті лауазымды тұлғалар – азаматтық қоғаммендиалогтың даму моделі

ҮЕҰ-мен өзараіс-қимыл  жөніндегі уәкілетті лауазымды тұлғалар – азаматтық қоғаммендиалогтың даму моделі

 

2019 жылғы 10 қазанда Нұр-Сұлтан қ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілді лауазымды тұлғалар – азаматтық қоғаммен диалогтың даму моделі» тақырыбында диалог алаңы өтті.

Диалог алаңының мақсаты – мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаминституттарымен тиімді жұмысын қамтамасы зету.

Айта кету керек, ҮЕҰ-мен өзараіс-қимыл бойынша уәкілетті лауазымды тұлғалар институты 2018 жылдан бастап қазақстандық ҮЕҰ ұсыныстары бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен енгізілген.

Аталғаніс-шарағаірі ҮЕҰ басшылары – «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті А.Қожахметов, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті З.Батталова, «Камеда» ҚҚ директоры М.Еспенова сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдар мен Нұр-сұлтан қ. ҮЕҰ-мен өзараіс-қимыл жөніндегіу әкілдер қатысты.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі  вице-министрі Данияр Есин кіріспе сөз сөйледі.

Д.Есин өз сөзінде Президент Қ.К.Тоқаевтың Жолдауының маңыздылығын атап, онда қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтары болып табылатынын атап өтті.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Жолдауда азаматтық сектордың дамуына ерекше назар аударды.

Ақпаратжәнеқоғамдық даму министрлігініңақпаратыбойынша Қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру және 2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда, онда мемлекеттің азаматтық қоғам институттары мен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру жөніндегі шаралар көзделген.

Қазіргі уақытта елде 354 уәкіл жұмыс істейді, оның 19 – ОМО, 335 – ЖАО.

Алаңда сарапшылару әкілдер институтын одан әрі дамыту үшін қабылданған түрлі пікірлер, ұсыныстар мен ұсынымдар айтты және қорытынды жасалды.