Азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша кешенді баяндама әзірленді
Азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша кешенді баяндама әзірленді
2023 жылы Қазақстандық қоғамдық даму институты сарапшылармен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша кешенді баяндама әзірледі.
Кешенді баяндамада елдегі азаматтық қоғамның қазіргі жағдайы, шет елдердегі азаматтық секторды дамытудың негізгі тенденциялары зерттелді, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудағы бар проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы сараптамалық пікірлер жинақталды.
Сонымен бірге, Баяндамада әлеуметтік мәселелерді шешу үшін екі мекеменің өзара тиімді өзара іс-қимылының отандық және шетелдік жағдайларының мысалдары келтірілген.
Сондай-ақ баяндамада мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимылының нормативтік-құқықтық базасы мен тетіктерін жетілдіру бөлігінде азаматтық қоғамды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар қамтылған.
Баяндама туралы Министрліктің https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/projects/details/3417?lang=ru сайтынан толығырақ танысуға болады.