Волонтерлік саласындағы 2023 жылғы гранттар туралы жалпы ақпарат
Волонтерлік саласындағы 2023 жылғы гранттар туралы жалпы ақпарат
Волонтерлік қызметті дамытудың Жол картасы аясында 2023 жылы 55 жоба (2022 ж. – 53 жоба), оның ішінде, салалық волонтерлікті дамытуға бағытталған 8: «Birgemiz: Ayala», «Birgemiz:Bilim», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Birgemiz: Taza Álem», «Birgemiz: Asyl мura», «Birgemiz: Úmit», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Saýlyq» Ұлттық жоба іске асырылды.
Осы жобалардың аясында:
- волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға 238 (2022 жылғы-219 жоба ) шағын гранттар іске асырылды;
- 10 мыңнан астам волонтер оқытылды (2022 ж. - 6 мыңнан астам волонтер);
- 18 мыңнан астам (2022 ж. – 10 мың) азаматқа заңгерлік кеңес беру, цифрлық сауаттылықты арттыру, із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу және т.б. түрінде көмек көрсетілді;
- жобаларды жүзеге асыруға 28 мыңнан астам волонтер тартылды.
BIRGEMIZжобалары
«Birgemiz: Qamqor» жобасы
Жобаның мақсаты – волонтерлерді қарттар үйіне, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына және әлеуметтік қорғау жүйелеріне тарту.
https://birgemizqamqor.kz мобильді қосымшасы әзірленді, ол аймақтар бойынша волонтерлердің деректер базасын құруға мүмкіндік берді. Аймақ бойынша бөлу шараның өтетін жеріне байланысты хабардар етуге және волонтерлерді тартуға мүмкіндік береді.
Жоба барысында 1000-ға жуық волонтер әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда, оның ішінде қарттар үйінде жұмыс істеу үшін сертификатталған мамандар болды.
«Қарттарға қуаныш сыйла» акциясы аясында 3 мыңнан астам қария қамтылды. Акция ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға және егде жастағы адамдардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Акция аясында барлығы 26 мәдени-демалыс іс-шарасы өткізілді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға 30 шағын грант жүзеге асырылды. Сәтті кейстердің жинағы дайындалды, сонымен қатар үздік волонтерлік тәжірибені енгізу бойынша бейнероликтер әзірленді.
Жалпы, 2023 жылы жобаға 2 мыңнан астам волонтер тартылды, оның ішінде 1 мыңға жуық жастар және 50 күміс волонтерлер.