Уәкілетті орган жанындағы медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының 2026 жылғы 19 ақпандағы хаттамасы

Уәкілетті орган жанындағы медиаторлар ұйымдарымен

өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің

ХАТТАМАСЫ

 

Астана қ.                                               №1                            2026 жылғы 19 ақпан

         Төрағалық етуші: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасы Г.Б.Сұлтанова

         Қатысушылар: тізім бойынша

 

Күн тәртібі:

1. Медиаторлар ұйымдарының қызметін таныстыру

1.1 «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ Президенті Ж.А.Жақыпов, «Ұлттық Медиаторлар Палатасы» РҚБ төрағасының орынбасары Ә.Т.Байзақов, «Адам және құқық» медиаторлар және заңгерлер одағы» РҚБ Президенті У.А.Джирембаева ұсынған ақпарат назарға алынсын.

 

2. Медиаторлар ұйымдары ұсынған оқу бағдарламаларын медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өту қағидаларына сәйкестігін қарау

2.1 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Ж.Б.Әлжанова ұсынған ақпарат назарға алынсын.

2.2 Келесі медиаторлар ұйымдарының оқу бағдарламалары мақұлдансын:

1) «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ - «Медиацияның жалпы курсы», «Медиацияның мамандандырылған курсы», «Медиатор-тренерлерді даярлау курсы» кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламалары;

2) «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ - «Медиацияның жалпы курсы», «Медиацияның мамандандырылған курсы», «Медиатор-тренерлерді даярлау курсы» кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламалары;

3) «Парасат» медиаторлар мен заңгерлер қауымдастығы» ҚБ -  «Медиацияның жалпы курсы», «Медиацияның мамандандырылған курсы», «Медиатор-тренерлерді даярлау курсы» кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламалары;

4) «Pactum» медиация және келіссөздер орталығы» ҚБ - «Медиацияның жалпы курсы», «Медиацияның мамандандырылған курсы», «Медиатор-тренерлерді даярлау курсы» кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламалары;

5) «Tatulas» медиация орталығы» ҚБ - «Медиацияның жалпы курсы», «Медиацияның мамандандырылған курсы», «Медиатор-тренерлерді даярлау курсы» кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламалары;

6) «Қазақстан Республикасының Mедиаторлар Қауымдастығы» ЖКжЗТБ -«Медиацияның жалпы курсы», «Медиацияның мамандандырылған курсы», «Медиатор-тренерлерді даярлау курсы» кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламалары;

7) «Адам және құқық» медиаторлар және заңгерлер одағы» РҚБ - «Медиацияның жалпы курсы», «Медиацияның мамандандырылған курсы», «Медиатор-тренерлерді даярлау курсы» кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламалары;

8) «Құқықтық көмек және медиация орталығы - жәрдемдесу және құқық» РҚБ – «Медиацияның жалпы курсы», «Медиацияның мамандандырылған курсы», «Медиатор-тренерлерді даярлау курсы» кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламалары;

9) «Қарағанды облысының кәсіби медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ - «Медиацияның жалпы курсы» кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламасы;

10) «Альянс Успеха» ҚБ - «Медиацияның жалпы курсы» кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламасы;

11) «International Bureau of mediation» ҚБ  - «Медиацияның жалпы курсы» кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламасы;

3. Әдеп кодексі және бірыңғай медиативтік келісім бойынша ұсыныстарды талқылау және ұсынымдар әзірлеу

3.1. Үйлестіру кеңесі мүшелері ұсынған ұсыныстар назарға алынсын.

3.2. Медиаторлар ұйымдары медиация мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын 2026 жылғы 28 ақпанға дейін енгізсін;

3.3. Медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыс органы медиаторлар ұйымдарынан келіп түскен заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды 2026 жылғы 6 наурызға дейін жинақтасын.

Уәкілетті орган жанындағы медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының 2026 жылғы 19 ақпандағы хаттамасы
Дата публикации
23 февраля 2026