Стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті «(«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ») Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағыты бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.
Конкурсқа өтініш берушілердің құжаттары ағымдағы жылғы 6 мамырдан бастап 4 маусым 18:30-ға дейін Konkurs_SP@mail.kz электрондық мекенжайға қабылданады.
Конкурстық құжаттамамен көрсетілген сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/657218?lang=kk
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032852 ), сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкес, әлеуетті өнім берушілер (ҮЕҰ) Қағидалардың 3-тарауының 7. тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Конкурсқа ұсыну үшін қажетті құжаттар пакеті Қағидалардың
3-тарауының 10. тармағында көрсетілген.
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлерге хабарласуға болады:
8 (7172) 74-00-78, 74-05-21, 74-09-97.
Ескерту!
Өтінімді Konkurs_SP@mail.kz электрондық мекенжайға жібергеннен кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында 8 (7172) 74-00-78 нөмірі бойынша бізбен міндетті түрде хабарласуыңызды сұраймыз.