« («АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ») Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағыты бойынша конкурстық құжаттама

 

 

 

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

 

« («АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ»)

Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру»

стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағыты бойынша

 

       Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) келесіні қамтиды:

        1) конкурс жариялаған мемлекеттік органның атауы және орналасқан жері:

         Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй. 

           2) жобаның тұжырымдамасы, осы КҚ-ңың 1-қосымшасына сәйкес;

           3) іске асыру мерзімдері: 2024 ж.

           4) осы КҚ-ның 2-қосымшасына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт жобасы;

           5) конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру тәртібі, тәсілі және түпкілікті мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі:

         Конкурстық іріктеуге қатысу үшін осы КҚ-да көрсетілген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті стратегиялық әріптестер өздерінің өтінімдерін Стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 248-НҚ бұйрығымен бекітілген қағидаларының 10-тармағына сәйкес құжаттарды (PDF форматында) хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде тиісті мемлекеттік органның электрондық мекенжайға мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жолдайды.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі-конкурс жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн. 

Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды.

          6)  осы КҚ-ның 3-қосымшасына сәйкес арыз нысаны;

          7) осы КҚ-ның 4-қосымшасына сәйкес сауалнама нысаны;

          8) осы КҚ-ның 5-қосымшасына сәйкес жоба нысаны;

          9) жобаны іске асыру үшін бөлінген сомалар туралы мәліметтер:

          2024 жылға – 38 000 000 теңге (ҚҚС қоса алғанда)

 

          10) конкурстық құжаттаманы түсіндіруді және конкурстық өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны жүзеге асыратын мемлекеттік орган өкілінің байланыс деректері       

Ураз Дияс Серікұлы

74-05-21

    Зейденова Тоғжан Достиярқызы

74-02-17

Курманбаева Мадина Ермекқызы

74-09-97

 

 

 

Конкурстық құжаттамаға

1-қосымша

  

 

  

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс бағыты бойынша жобаның тұжырымдамасы

 

Саланың атауы

Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

Бағыт атауы

(«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ») Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру

«Стратегиялық серіктестіктің мақсаты»

Азаматтық қоғам ұйымдарының мемлекеттік органдармен ынтымақтастығын нығайту, сараптамалық қоғамдастықпен, халықаралық ұйымдармен әріптестік қатынастарды жолға қою, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамыту саласындағы практикалық тәжірибе мен біліммен одан әрі алмасу үшін үкіметтік емес ұйымдардың әріптестік желісін дамыту.

Азаматтық қоғамды дамыту Ұлттық орталығының қызметін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес секторды институционалдық дамыту және елдегі демократиялық өзгерістерді ілгерілету үшін қоғамдық институттардың әлеуетін нығайту.

Ағымдағы жағдайдың, бар проблемалардың қысқаша сипаттамасы

Азаматтық қоғам - қазіргі мемлекеттің дамуының айқындаушы параметрлерінің бірі.

Қазақстанда 2024 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген ҮЕҰ саны - 23 335.

 

Көптеген ҮЕҰ қоғам үшін қызметтердің кең спектрін жүзеге асыра отырып, табысты жұмыс істейді. Іс жүзінде үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салаларда өз қолданысын табады, мемлекет, әртүрлі әлеуметтік топтар мен жеке азаматтар арасында делдал рөлін атқарады, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды.

Соңғы жылдары азаматтық секторды дамыту саласында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді:

ü     қоғамдық институттар қызметінің құқықтық базасы нығайтылды, Қоғамдық кеңестер, қоғамдық бақылау, петициялар, волонтерлік, қайырымдылық туралы заңдар қабылданды;

ü     ҮЕҰ-ның қоғамдағы рөлін нығайту бойынша нақты шараларды іске асырудың драйвері болған он бір Азаматтық форумның іс-шаралары өткізілді;

ü     әлеуметтік саясатты іске асыруда қоғамдық ұйымдар қызметінің ауқымы кеңейтілді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда азаматтық сектордың дамуына кедергі келтіретін бірқатар проблемалық мәселелер бар.

Бірінші. ҮЕҰ-ның әлсіз орнықтылығы және кадр тапшылығы, азаматтық қоғам институттарының біркелкі емес өңірлік дамуы, ауылдық ҮЕҰ-ның аздығы мен дамымауы, қызметті ұзақ мерзімді жоспарлаудың мүмкін еместігі.

Екінші. ҮЕҰ құқықтық және кәсіби сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі, мемлекеттік саясатты жария талқылау мәдениетінің дамымауы, ҮЕҰ қызметінде келіспеушілік пен үйлестірудің болмауы, диалогты дамыту, өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу.

Үшінші. Үкіметтік емес сектордың елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесін есепке алу жүйесінің болмауы.

Төртінші. Мемлекеттік органдардың проблемаларды шешуге азаматтық қоғам институттарын тарту жөніндегі жұмысының жеткіліксіздігі, халықтың сұраныстары мен қаражаттың мақсатты бөлінуі арасындағы үйлестірудің әлсіздігі.

Бесінші. Атқарушы мемлекеттік органдардың шешіміне, артық бюрократиялық рәсімдерге, тапсырыс берушілерге де, қызмет көрсетушілерге де нақты регламенттер мен талаптардың болмауына байланысты ҮЕҰ-ны қолдау ресурстық орталықтарының жұмысында жүйеліліктің болмауы.

Алтыншы. Халықаралық алаңдарда азаматтық сектор өкілдігінің жеткіліксіз деңгейі, халықаралық азаматтық қоғамдастық өкілдерімен әлсіз өзара іс-қимыл.

Қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту үшін «мықты азаматтық қоғам – мықты мемлекет» қағидатына сәйкес келетін нақты шараларды айқындау арқылы азаматтық қоғам институттарын дамытудағы жүйелі проблемаларды кезең-кезеңімен шешу талап етіледі.

 

Ескерту (бұл проблема үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің пікірі негізінде қалыптастырылған).

Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған мақсаттарға қол жеткізу жолдарын сипаттау

Мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы елдің саяси жүйесін жаңғырту контекстінде өзектілігін арттыруда, өйткені азаматтық сектордың мемлекетті басқаруға қатысуы мемлекеттік бағдарламалар нәтижелерінің тиімділігін арттырады.

Ел Президенті Қ.Қ. Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында келесіні атап өтті: «белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет».

Мемлекет басшысының 16.03.2022 жылғы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында қоғамдық ұйымдардың қызметін «елдің орнықты және жан-жақты ілгерілеуінің маңызды факторы, өйткені үкіметтік емес сектор маңызды әлеуметтік мәселелерді үнемі көтеріп, оларды кешенді шешуге жәрдемдеседі» деп атады.

Сонымен қатар, ел Президенті Үкіметке нақты тапсырмалар беріп, «бүгінде Қазақстан алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтуді, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде қайта жүктеуді талап ететінін атап өтті. Реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдар мен белсенділерді неғұрлым кең және терең тарту қажет. Біз елдегі азаматтық белсенділікті оятып, мемлекет пен қоғам арасындағы саналы және сындарлы әріптестік процесін бастауымыз керек».

Қоғамдық институттардың өмір сапасының жоғары стандарттарын ілгерілетудегі (халықты ақпараттандыру, кеңес беру, азаматтарды қоғамдық өмірге белсенді қатысуға тарту) рөлін ескере отырып, қоғамдық орталықтар (community-орталықтар) құру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында да атап өтілді.

Қоғамдық орталықтар азаматтық қоғамды ұйымдастыру моделі ретінде ҮЕҰ-ға, белсенді азаматтарға мемлекеттік істерді басқару үдерістеріне тарта отырып, олардың бастамаларын іске асыруға, күш-жігерді қоғамдық мәселелерді шешуге, әлеуметтік шиеленісті жоюға, ресурстар мен әлеуметтік көмекті инклюзивті бөлуге, ел халқының нысаналы топтарымен байланысты кеңейтуге көмектеседі.

Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы міндеттерінің қатарында Қазақстан демократиялық қағидаттарды ілгерілету, адвокатура мен қызмет көрсетуге бағдарлану арасындағы теңгерімді құру, Қазақстан мен Орталық Азия өңірінде мемлекет пен азаматтық қоғам әріптестігінің тиімді моделін дамыту жөніндегі өзіндік платформа болуға ұмтылатын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі хаб ретінде жаһандық позициялауды жүзеге асыруды алға тартады.

ҚР-да Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асырудан күтілетін нәтижелердің бірі Қазақстан Республикасында өткізілетін азаматтық қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі өңірлік диалог алаңдары санын ұлғайту болып табылады (4-тарау 13-тармақша).

ҚР Азаматтық қоғамын дамыту тұжырымдамасы екі кезеңде іске асырылатын болады және бірінші кезеңде азаматтық белсенділікті қолдау және дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады (5-тарау 3-абзац).

Әлеуетті стратегиялық серіктеске қойылатын талаптар

1. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өз мүшелері (қатысушылары) бар республикалық қоғамдық бірлестік немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі болып табылу қажет;

2. Әлеуетті стратегиялық әріптестің жарғылық мақсаттарының стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың мақсаттарына сәйкестігіне ие болу;

3. Тиісті салалардағы қызмет бағыты бойынша жобаларды іске асыруда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

4. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында мәліметтердің болуы;

5. Әлеуетті стратегиялық әріптестер өкілдерінің консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына кемінде 3 (үш) жыл қатысуы (консультативтік-кеңесші орган құрылған мемлекеттік органның анықтамасы негізінде);

6. Көрсетілетін қызметті алушылардан немесе серіктестерден әлеуетті стратегиялық әріптестердің жұмысы туралы кемінде 3 (үш) оң пікірі болуы тиіс.

Сомасы (мың теңге)

2024 жылға – 38 млн.теңге

Стратегиялық серіктестіктің күтілетін нәтижелері

1. «АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру;

2. Консультациялық қызметтер көрсету арқылы азаматтық қоғам саласында іске асырылатын жобалардың сапасын арттыруға жәрдемдесу;

3. Азаматтық қоғам саласындағы өңірлік ұйымдарды кеңейту және дамыту;

4. Ақпараттық жүйелерде, порталдарда, басылымдарда және әлеуметтік желілерде азаматтық қоғамның жай-күйі туралы жарияланымдар санын ұлғайту;

5. Азаматтық қоғам ұйымдарының мемлекеттік органдармен, орталық және жергілікті деңгейлерде ынтымақтастығын дамыту және нығайту;

6. Сараптамалық қоғамдастықпен, халықаралық ұйымдармен әріптестік қатынастарды жолға қою, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамыту саласындағы практикалық тәжірибе мен біліммен одан әрі алмасу үшін үкіметтік емес ұйымдардың әріптестік желісін дамыту;

7. Елімізде азаматтық қоғамды одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар қалыптастыру.

8. Азаматтық қоғам саласындағы білікті сарапшылар мен жаттықтырушылардың отандық пулын қалыптастыру;

9. Азаматтық қоғам ұйымдарының мемлекет істерін басқаруға қатысуын арттыру;

10. Өңірлік өкілдерді оқыту арқылы ҮЕҰ-ның құқықтық және кәсіптік сауаттылығын арттыру;

Стратегиялық әріптестік мақсаттарына қол жеткізудің нысаналы көрсеткіштері

1. Азаматтық қоғамды дамыту саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен Ұлттық пікірталас клубын құру;

2. Пікірталас клубының алаңында әлеуметтік маңызы бар кемінде 4 (айына кемінде 1 рет) мәселелерді қарау, оларды шешу бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу;

3. Кемінде 5 заң шығару процесіне қатысатын сарапшылар пулын кеңейту;

4. Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша кемінде 1-талдамалық есепті, сараптамалық қорытындыны дайындау;

5. Заманауи цифрлық технологиялар (Telegram және WhatsApp арналары) арқылы бірыңғай ақпараттандыру терезесін құру;

6. Азаматтық қоғам өкілдерінің мемлекет істерін басқаруға қатысу мәдениетін қалыптастыру бойынша кемінде 500 консультациялық қызмет көрсету;

7. Әлеуметтік желілерде және БАҚ-та айына кемінде 20 материал жариялау;

8. Азаматтық қоғам саласындағы өзекті мәселелер бойынша еліміздің 20 өңірінің қатысуымен аралас форматта кемінде 2 диалог алаңын ұйымдастыру және өткізу;

9. Құқықтық және кәсіптік сауаттылықты арттыру бойынша 20 өңірдің қатысуымен кемінде 1 оқыту іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу (онлайн форматта кемінде 2 күн);

10. Үкіметтік емес сектордың елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесін есепке алуды бағалау бойынша ұсынымдар әзірлеу;

11. Орталық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік органдар үшін кемінде 1 оқыту іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу (онлайн форматта кемінде 2 күн).

 

Ескерту:
Күтілетін нәтижелерге және стратегиялық әріптестік мақсаттарына қол жеткізудің нысаналы көрсеткіштеріне сапалы қол жеткізу мақсатында әлеуетті стратегиялық әріптес оны жеңімпаз деп анықтаған және онымен стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау туралы шарт жасасқан жағдайда Тапсырыс берушімен жоспарланған іс-шаралар шеңберінде материалдарды, тұжырымдамаларды, ережелерді, полиграфиялық өнімдерді келісуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

  

 

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындаудың үлгілік шарты

 

  <Тапсырыс берушінің толық атауы>, бұдан әрі «тапсырыс беруші» деп аталатын, оның атынан<тапсырыс берушінің лауазымы><тапсырыс берушінің Т.А.Ә.>, бір тараптан <тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін және <өнім берушінің толық атауы>, бұдан әрі «өнім беруші» деп аталатын, оның атынан <тапсырыс берушінің лауазымы ><өнім берушінің Т.А.Ә.> екінші тараптан бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы 4-тармағының және конкурстық комиссияның <қорытындылар күні> жылғы № <нөмір> хаттамасы негізінде стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

  1. Шарттың нысанасы

      1.1. Өнім беруші осы Шартқа оның ажырамас бөлігі болып табылатын 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген жағдайларға, талаптарға сәйкес қызмет көрсетуге міндеттенеді, ал тапсырыс беруші өнім беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда көрсетілген қызметті (терді) қабылдауға және оны (оларды) осы Шарттың талаптарында төлеуге міндеттенеді:

      <ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша – <1-ерекшелік бойынша Шарт нысанасының қысқаша сипаттамасы>

      …

      <ерекшелік коды > ерекшелігі бойынша – <№ 1-ерекшелік бойынша Шарт нысанасының қысқаша сипаттамасы>

      1.2. Төменде тізбеленген құжаттар мен оларда айтылған жағдайлар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) осы Шартқа 1-қосымша (Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тапсырыс беруші әзірлеген жоба тұжырымдамасы);

      3) осы Шартқа 2-қосымша (өнім беруші өз өтінімдерін бағалау үшін конкурсқа қатысуға ұсынған жоба).

  1. Шарттың сомасы және ақы төлеу жағдайлары

      2.1. Шарттың жалпы сомасы <шарт сомасы> (<сома жазумен>) теңге және қызмет көрсетуге байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> теңге> /< ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарт сомасы) қамтиды.

      2.2. Аумақтық қазынашылық органында Шарт бюджеттік бағдарлама бойынша <Бағдарламаның коды және атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Код және кіші бағдарламаның атауы> кіші бағдарламасы, ерекшелік <код және ерекшеліктің атауы> - <ерекшелік бойынша сома> (<ерекшелік бойынша сома жазумен>) теңге, <оның ішінде ҚҚС> < ҚҚС сомасы > теңге/ < ҚҚС есепке алмағанда> <____> жылға тіркелуге жатады.

      2.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін _______ мөлшерінде аванстық төлем жүргізіп, Шарт сомасынан _______алдын ала төлемді жүзеге асырады.

      Қалған соманы тапсырыс беруші бұрын төленген авансты пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып, көрсетілген қызметтер актісіне тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен төлейді.

      Көрсетілген қызметтер үшін төлемді тапсырыс беруші тараптардың көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей <ақы төлеу жағдайы> өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізеді.

      2.4. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

      1) аумақтық қазынашылық органында тіркелген қол қойылған Шарт;

      2) көрсетілген қызметтер актісі (актілері);

      3) өнім беруші тапсырыс берушіге ұсынған көрсетілген қызметтердің жалпы сомасын сипаттайтын, көрсететін электрондық шот-фактура.

  1. Тараптардың міндеттемелері

      3.1. Өнім беруші:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаған кезде көрсетілетін қызметтердің Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      3) Шарт талаптарын орындау үшін өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа адамдар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сондай шамада берілуге тиіс;

      3.2. Өнім беруші тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді талап етуге құқылы.

      3.3. Тапсырыс беруші:

      1) көрсетілген қызметтердің сәйкессіздігі анықталатын болса, өнім берушіні дереу жазбаша хабардар етуге;

      2) көрсетілген қызметтерді қабылдаған кезде көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюға не оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелерін көрсете отырып, қабылдаудан бас тартуға міндеттенеді.

      3.4. Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтердің сапасын тексеруге құқылы.

  1. Қызметтер көрсету

      4.1. Өнім берушінің қызметтер көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.

      4.2. Өнім беруші тапсырыс берушіге көрсетілетін қызметтерді осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық тапсырған жағдайда қызмет көрсетілген болып саналады.

  1. Тараптардың жауаптылығы

      5.1. Тараптар осы Шарттың шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      5.2. Секвестрді және (немесе) тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер тапсырыс беруші өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, онда тапсырыс беруші кідіртілген төлемдер бойынша өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.

      5.3. Қызметтер көрсету мерзімдері өтіп кеткен жағдайда өнім беруші міндеттемелерін толық орындамаса, тапсырыс беруші одан мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалады (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаса (ішінара орындамаса), мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалады (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан (он пайыз) аспауға тиіс.

      5.4. Өнім беруші қызметтер көрсетуден бас тартқан жағдайда немесе қызметтер көрсету мерзімін Шарт бойынша қызметтер көрсету мерзімі аяқталған күннен бастап бір айдан асатын мерзімге өткізіп алса, бірақ Шарттың қолданылу мерзімі аяқталмаса, тапсырыс беруші өнім берушіден мерзімі өткізіп алған әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп алып, осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      5.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      5.6. Егер кез келген өзгеріс өнім берушіге Шарт бойынша қызметтер көрсету үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы, немесе қызметтер көрсету кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізу жөніндегі барлық сұратуы өнім беруші тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуға тиіс.

      5.7. Өнім беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен де, ішінара да біреуге бермеуге тиіс.

  1. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу жағдайлары

      6.1. Шарт <тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркегеннен кейін/қол қойылған күннен бастап> күшіне енеді және <____> дейін қолданылады.

      6.2. Өнім берушінің кінәсінен Шартта белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген және (немесе) өнім беруші өз міндеттемелерін жүйелі түрде орындамаған жағдайларда Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Осы тармақтың мақсаттары үшін міндеттемелерді жүйелі түрде орындамау деп күнтізбелік бір жыл ішінде Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаудың екі жағдайы түсініледі.

      6.3. Шарт тараптардың келісуі бойынша оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда бұзылуы мүмкін.

  1. Хабарлама

      7.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама ақы төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс не телефакс арқылы жіберіледі.

      7.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енуі көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) осы күндердің қайсысы кешірек болатынына қарай күшіне енеді.

  1. Форс-мажор

      8.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болып табылса, тараптар ол үшін жауапты болмайды.

      8.2. Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар соғыс қимылдарын, табиғи немесе дүлей апаттарды және басқаларды қамтуы мүмкін, бірақ бұл толық тізім емес.

      8.3. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде өнім беруші тапсырыс берушіге осындай мән-жайлар және олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты орынды болса, орындауды жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажорлық мән-жайларға тәуелді болмайтын баламалы тәсілдерін іздестіреді.

  1. Даулы мәселелерді шешу

      9.1. Тапсырыс беруші мен өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күшін салуы тиіс.

      9.2. Егер осындай келіссөздерден кейін тапсырыс беруші мен өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

  1. Өзге жағдайлар

      10.1. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

      10.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасқандай нысанда жасалады.

      10.3. Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.

      10.4. Шартта реттелмеген бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

  1. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші
<толық атауы>
< толық заңды мекенжайы>
БСН < БСН> БСК <БСК
ЖСК<ЖСК
<Банктің атауы> тел.: <телефоны>
< лауазымы>< <Т.А.Ә.>

 

Өнім беруші
<толық атауы>
< толық заңды мекенжайы>
БСН/ЖСН/ТЕН <БСН/ЖСН/ТЕН
БСК< БСК>ЖСК< ЖСК>
<Банктің атауы> тел.: < телефоны>
< лауазымы> < Т.А.Ә.>

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурстық құжаттамаға

3-қосымша

  

 

 

Нысан

 

Кімге:______________________

                (тапсырыс берушінің атауы)

                Кімнен: ____________________

                (әлеуетті стратегиялық

әріптестің толық атауын

көрсету)

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс беруге арналған конкурсқа қатысуға арыз*

Осы арызбен ______________________________________________________________

      (әлеуетті стратегиялық әріптестің толық атауын көрсету)

      (бұдан әрі – арыз иесі) бағыт бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға

      мемлекеттік тапсырыс беруге арналған конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) қатысуға ниет

      білдіреді:

      «________________________________________________________________________»

      және конкурс шарттарына сәйкес жобаны іске асыруға келісім беру.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ұйым басшысының лауазымы) (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Толтыру күні: 20___жылғы «____» ______________________

      ____________________________________________________

      * Арыз иесінің фирмалық бланкісінде толтырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурстық құжаттамаға

4-қосымша

 

                                                                                                                                                    Нысан

Әлеуетті стратегиялық әріптестің сауалнамасы

 

1. БСН

 

 

2. Ұйымның толық атауы және ұйымның тіркелген күні

 

 

3. Ұйымның заңды мекенжайы

 

 

4. Ұйымның байланыс телефоны

 

 

5. Әлеуметтік желілердегі веб-сайт, парақшалар (топтар, аккаунттар)

 

 

6. Консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысуға қатысты ақпарат

 

 

7. Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар *
Ескертпе.
*
Жобалардың іске асырылуын және арыз иесінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар көрсетілген қызметтердің тиісті шарттары мен актілері болып табылады

№

Әлеуметтік жобаның атауы

Қаржыландыру көлемі (мың теңге.)

Қаржыландыру көзі / Тапсырыс беруші

Орындау кезеңі

Негізгі нәтижелері

Басталуы

Аяқталуы

 

1

           

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурстық құжаттамаға

5-қосымша

 

Әлеуетті стратегиялық әріптестің жобасы

 

1. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыты

 

2. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу жолдарын сипаттау, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты бағыт мақсаттарына қол жеткізу

 

3. Жобаның мақсаты

 

4. Жобаның міндеттері

 

5. Жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері) (сұрақтарға жауап беру қажет: белгіленген мақсаттарға қалайша қол жеткізіледі, қойылған міндеттер қалай орындалады, олардың шешімін кім жүзеге асырады, бұл ретте қандай ресурстар тартылады)

 

6. Жобаны іске асыру аумағы

 

7. Жобаны іске асырудың басталу және аяқталу күні

 

8. Жобаның нысаналы топтары

 

9. Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған жобаның нәтижелері

 

Сандық нәтижелер

 

Сапалық нәтижелер және оларды өлшеу тәсілдері

 

10. Жоба әріптестері*

Әріптес

Қолдау түрі

* әріптестердің хаттарымен расталады

Жобаның барлық әріптестері тізімделеді, олардың жобаға қатысуы сипатталады (мысалы, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-сектор өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық ұйымдар және басқалар), сондай-ақ қолдау түрлері (ақпараттық, консультациялық және басқалар)

11. Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады

 

Іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары

№

Шешілетін міндет

Іс-шара, оның мазмұны, өткізу орны

Басталу мерзімі

Аяқталу мерзімі

Күтілетін нәтиже

р\с

         

Жобалау командасының құрамы (ұсынылған жобаны іске асыруға тартылатын жұмыскерлер/мамандар)

Жобалау командасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Жобалардың атауын және оларды іске асырудағы рөлін көрсете отырып, жобаның міндеттеріне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі

Жұмыскердің еңбек өтілі (жылдар санын көрсету)

Жобадағы міндеттер,

жауаптылық

         

Жоба шығыстарының сметасы

№

Шығыс баптары

Өлшем бірлігі

Саны

Құны, теңгемен

Барлығы, теңгемен

Қаржыландыру көздері

Негіздеме/түсініктеме

Арыз иесі (өз салымы)

Бюджеттік қаражат

                     

 

 

 

 

« («АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ») Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағыты бойынша конкурстық құжаттама
Дата публикации
06 мая 2024