2025 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат (Ақпарат комитеті)

2025 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Мемлекеттік саясатты БАҚ-та жүргізуімен халықтың қанағаттану деңгейі

10 000,00

«Мемлекеттік саясатты БАҚ-та жүргізуімен халықтың қанағаттану деңгейі», әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері Министрліктің стратегиялық даму жоспарына нысаналы индикаторлар ретінде енгізілген және Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасалған меморандумның бөлігі болып табылады.

Жоба шеңберінде жалпы қамту: облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және Астана қаласында кемінде 2500 респондентке сауалнама жүргізу

Министрлік жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру және насихаттау болып табылады.

Халықтың ақпараттық сұраныстарын анықтау және жүргізіліп жатқан мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін бағалау мақсатында жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік зерттеулер жүргізу көзделген.

Ұсыныстарға жүргізілген социологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша Министрлік оны іске асыру тиімділігін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан ақпараттық саясатқа түзетулер енгізетін болады. Кейіннен Министрлік ақпараттық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру үшін оған уақытылы түзетулер енгізеді.

2

Тұтынушылармен отандық ақпарттық өнімнің сұраныс деңгейі

10 000,00

«Тұтынушылармен отандық ақпарттық өнімнің сұраныс деңгейі», әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері Министрліктің стратегиялық даму жоспарына нысаналы индикаторлар ретінде енгізілген және Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасалған меморандумның бөлігі болып табылады.

Жоба шеңберінде жалпы қамту: облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және Астана қаласында кемінде 2500 респондентке сауалнама жүргізу

Зерттеу нәтижелері қазақстандық медиа индустрияның дамуын және жалпы ұлттық ақпараттық кеңістіктегі жағдайды болжауға мүмкіндік береді. Ақпараттық кеңістікті бақылаумен бірге зерттеулер қоғамдық пікірдің толық бейнесін алуға және медиа индустриядағы жағдайды сенімдірек бағалауға мүмкіндік береді.

 

2024 жылғы 27 қазан жағдайы бойынша

Жарияланған күні

27 ақпан 2024 14:38

Жаңарту күні

27 ақпан 2024

Срок публичного обсуждения

13 наурыз 2024