2024 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат (бюджетті нақтылау шеңберінде). Жастар саясаты аясындағы жобалар

Мемлекеттік әлеуметтік

тапсырысты қалыптастыру,

оның іске асырылу

мониторингі және нәтижелерін

бағалау қағидаларына

1-қосымша

Нысан

 

2024 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат (бюджетті нақтылау шеңберінде)

 

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1.    

Студенттердің әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін арттыру бойынша жоба

 

50 млн. теңге

 Студенттердің әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін арттыру қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Қазақстанда студенттердің әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жөніндегі жоба білім беруді және елдің болашақ экономикасын дамыту үшін жоғары маңызға ие. Шығармашылық қабілеттерін дамыту инновациялық ойлауға, проблемаларға креативті көзқарасқа және қазіргі қоғамның дамуы үшін маңызды жаңа шешімдерді табуға ықпал етеді. Сонымен қатар, студенттердің әлеуетін жақсарту бәсекеге қабілетті жұмыс күшін қалыптастыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде елдегі экономика мен инновациялардың дамуына оң әсер етеді.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы.

17-24 жас аралығындағы жастар

Қазақстанда студенттердің әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін арттыру бойынша жобаның күтілетін нәтижелері білім беру сапасын жақсартуды, студенттер арасында инновация мен креативтілік деңгейін арттыруды, бәсекеге қабілетті жұмыс күшін дамытуды, қазіргі қоғам проблемалары үшін жаңа идеялар мен шешімдерді қалыптастыруды, сондай-ақ студенттердің білім беру үдерісіне қанағаттану деңгейін арттыруды қамтиды. Бұл нәтижелер Қазақстанда білім беру мен экономиканы дамытуға тікелей ықпал етеді, сондай-ақ жастар арасында инновациялық жобалар мен бастамаларды ынталандырады.

2.    

Нашақорлықтың алдын алу бойынша фронт-офис

50 млн. теңге

ҚР-дағы 2023-2025 жылдарға арналған наркоманияға және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Кешенді жоспардың 16,21,47,49,51-тармақтары (ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 508 Қаулысы), ҚР Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы, Amanat партиясының «Халықпен бірге!» 2023-2027, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырыстарының 2023 жылғы 22 тамыз және 2023 жылғы 22 қараша хаттамалары.

18-35 жас аралығындағы жастар

 

Қазақстан жастары арасында нашақорлықтың алғашқы профилактикасын жүйелеу және профилактикалық іс-шаралармен айналысатын өңірлік ұйымдарды үйлестіру. БҰҰ ҮЕҰ халықаралық стандарттарына сәйкес алдын алу шараларын стандарттау және әлеуметтік санаттар бойынша сегменттелген тиісті контент құру

3.    

Жастардың үкіметтік емес ұйымдарын дамыту жобасы

50 млн. теңге

Жастар ҮЕҰ жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы мен дамуы үшін платформа құру, жастар арасында азаматтық ұстаным мен белсенді азаматтықты қалыптастыру, сондай-ақ жастарға қоғамдық маңызы бар жобалар мен бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік беру сияқты бірқатар маңызды функцияларды орындайды.

Сонымен қатар, жастар ҮЕҰ дамыту жобасы олардың ұйымдастырушылық қабілетін арттыруға және жалпы жастар қызметінің секторын нығайтуға бағытталған. Жобаның басты қағидаттарының бірі еліміздің әртүрлі өңірлерінде жастар үшін мүмкіндіктердің қолжетімділігі мен теңдігін қамтамасыз ету болып табылады, өйткені дәл осы жастар ұйымдары шалғай және әлеуметтік осал жерлерде жиі жұмыс істейді.

Жастар ҮЕҰ дамыту жөніндегі жобаны әзірлеу және іске асыру жастардың қоғамдық өмірге қатысуының маңыздылығын, жастар бастамаларын қолдау қажеттілігін, азаматтық белсенділікті дамытуды, жастар ҮЕҰ-ның ұйымдастырушылық қабілетін арттыруды және елдің әртүрлі өңірлерінде жастар үшін мүмкіндіктердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді қоса алғанда, бірқатар факторларды есепке алуға негізделген.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы, ҚР ПӘ ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Д. А. Бабамуратовтың төрағалығымен өткен жастар саясаты мәселелері жөніндегі отырысының хаттамасы.

18-35 жас аралығындағы жастар

 

 Күтілетін нәтиже әр түрлі болуы мүмкін және Жобаның мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Алайда, жобаның негізгі нәтижесі жастар қызметі секторын нығайтумен және жастар ҮЕҰ эмпауэрментімен байланысты болады.

Күтілетін нәтижелердің кейбірі мыналарды қамтуы мүмкін:

1. Жастар ҮЕҰ саны мен тиімділігін арттыру: 2. Білім беру бағдарламаларын, тренингтер мен тәлімгерлік қолдау көрсету арқылы жастардың дағдылары мен құзыреттерін дамыту.

3. Әр түрлі жастар ҮЕҰ, мемлекеттік және жеке ұйымдар, университеттер және басқа да мүдделі тараптар арасында ынтымақтастық орнату арқылы серіктестік қатынастарды нығайту.

4. Жастардың қоғамдық өмірдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерін шешуге белсенді қатысу арқылы жастарды қоғамдық өмірге тарту (қоғамдық кеңестер, форумдар, конкурстар және басқа да бұқаралық іс-шаралар).

 

Жарияланған күні

02 ақпан 2024 18:15

Жаңарту күні

02 ақпан 2024

Срок публичного обсуждения

15 ақпан 2024