2024 жылға жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат (бюджетті нақтылау шеңберінде). Тақырыбы: Гендерлік мұқтаждықтар және қажеттіліктер картасын іске асыру және жетілдіру
|
|
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына 1-қосымша Нысан
|
|
|
|
2024 жылға жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат (бюджетті нақтылау шеңберінде)
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Гендерлік мұқтаждықтар және қажеттіліктер картасын іске асыру және жетілдіру
|
10 000,0 |
Жынысына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарын сақтау, гендерлік теңсіздіктің әртүрлі көріністерін жою қазіргі қоғамның өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл жерде Қазақстан Республикасы да тыс қалмайды. 2015 жылдың қыркүйегінде Қазақстан 17 мақсаттың 12-сі гендерлік мәселелерге қатысты БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ТДМ) іске асыруға міндеттеме алды. Мақсаттардың бірі – ТМД 5: «Гендерлік теңдікке және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейтуге қол жеткізу». Ол гендерлік кемсітушіліктің барлық түрлерін жоюға және қыздар мен әйелдерге тең мүмкіндіктер мен қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мақсаттар ұлттық бейімделуді және мемлекеттің барлық стратегиялық бағыттары мен міндеттері аясында қарастыруды талап етеді. Өңірлік және республикалық деңгейде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне гендерлік тәсілдерді біріктіру үшін өмірдің барлық салаларында гендерлік мәнді ескере отырып, статистиканы енгізу және жүргізу қажет. Осы мақсатта 2021-2022 жж. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында «Гендерлік мұқтаждықтар және қажеттіліктер картасы: этностың, аймақтың және таптың әсері» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында социологиялық зерттеу жүргізілді, гендерлік қажеттіліктер картасы бойынша зерттеулер жүргізу әдістемесі әзірленді, гендерлік қажеттіліктер мен талаптар картасы әзірленді (https://genderneeds.kz/), қазақстандықтардың мынадай индикаторларға қол жеткізуіне қатысты талдамалық деректер жиналды: 1. бизнеске қол жеткізу; 2. басқаруға, саясатқа қол жеткізу; 3. білім беру қызметтеріне қол жеткізу; 4. медициналық қызметтерге қолжетімділік; 5. цифрлық қызметтерге қол жеткізу; 6. Қазақ отбасылары; 7. тұрмыстық зорлық-зомбылық. Картаның сайтында талдамалық есептердің мәтіндері, гендерлік саясат туралы бейнероликтер, республика мен өңірлер бойынша статистикалық деректер орналастырылған. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асырудың талдау нәтижелері бойынша Интерактивті картаның функционалдығын СЖРА-ның ескертулерін ескере отырып, жетілдіру бойынша тапсырмалар берді (24.06.2023 ж. № 16-05/05-3590). Бұл Интерактивті карта қазақстандықтардың табысқа, басқаруға, білімге, медицинаға, цифрлық қызметтерге қолжетімділігін ескере отырып, жоспарлауды жеңілдетуге, саяси шешімдер қабылдау кезінде гендерлік факторды ескеруге, тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге, гендерлік рейтингтерді көтеруге және Қазақстанның халықаралық имиджін жақсартуға ықпал етуі керек еді. Алайда https://genderneeds.kz/ интернет-ресурсында орналастырылған интерактивті картаның функционалдығы айтылған мақсаттарға сәйкес келмейді. Картада аймақтар мен жас топтары бойынша сауалнамалардың жинақталған нәтижелерін ғана көрсетеді. Бұл ретте, ақпаратқа қолжетімділік барлық өңірлер үшін қолжетімді емес, тиісті қорытындылар мен ұсыныстар жоқ, бұл шешім қабылдау процесін қиындатады. Осыған байланысты, 2024 жылы барлық кемшіліктерді жойып, әзірленген Гендерлік мұқтаждық картасының функционалдығын кеңейту қажет.
|
Мемлекеттік қызметшілер, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар
|
Гендерлік мұқтаждықтар және қажеттіліктер картасының функционалдығы жетілдірілетін болады: этностың, аймақтың және таптың ықпалы, өмірдің барлық салаларын ескере отырып, жынысы бойынша статистиканы жүргізуге болатын жерде, жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша көрсеткіштер енгізіледі, жүргізіліп жатқан социологиялық зерттеулер, аймақтар бойынша талдау материалдары.1. Қазақстан Республикасы азаматтарының гендерлік құқықтарын сақтау жағдайына мониторинг жүргізу үшін саясаттанушылар, демографтар, әлеуметтанушылар, экономистер, психологтар, ҮЕҰ өкілдері арасынан сарапшылар тобы құрылады; 2. Жоба сарапшылары «кабинеттік» зерттеулер жүргізеді, қазақстандықтардың келесі салаларға қол жеткізуіне қатысты талдамалық және статистикалық деректерді жинайды: • басқару • бизнес • табыс • саясат • білім беру • медициналық қызметтер • отбасы, балалар, ажырасулар • цифрлық қызметтер • тұрмыстық зорлық-зомбылық және т.б. Кем дегенде 10 индикатор. 3 Бағдарламашы, инфографист, веб-дизайнер мамандардың талдамалық деректеріне сүйене отырып, республика бойынша да, өңірлер бойынша да қазақстандықтардың гендерлік мұқтаджықтары мен қажеттіліктерін бейнелейтін зерттеу деректерін, ақпараттық суреттерді, статистикалық деректерді әзірлейді және Картаға орналастырады. Сондай-ақ Карта сайтында гендерлік саясатқа қатысты талдамалық есептердің, кітаптардың және бейнематериалдардың мәтіндерін орналастыруға болады. Ұсынылған деректер басқару шешімдерін қабылдауда, қаланың, облыстың бюджетін қалыптастыруда, ғылыми зерттеулер жүргізуде, рейтингтер мен гендерлік теңдік индекстерін құруда пайдалануға ұсынылады. Қоғамда гендерлік теңдік мәселелері туралы хабардар болу артады деп күтілуде. Бұл сондай-ақ ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктерін және өмір сүру сапасын арттыру үшін муниципалдық қызметтердің қолжетімділігін бағалауды қамтиды.
|
02 ақпан 2024 18:08
02 ақпан 2024
15 ақпан 2024