Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 2023 жылы іске асыру туралы ақпарат
| № | Әлеуметтік жобаның атауы | Өнім берушінің атауы | Шарт сомасы (мың теңге) | Мақсаттары мен міндеттері | Жобаны іске асыру кезеңі | Әлеуметтік жобаны орындау процесі және өткізілген іс-шаралар | Нәтижелері (қойылған мақсаттарға қандау деңгейде қол жеткізуге болады) | Жобаны бағалау (орташа бағасы) | |
| 1 | "Мемлекеттік саясаттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына халықтың қанағаттану деңгейі" | "Стратегия" ӘСЗО" ҚҚ | 9080 | Мақсаты: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылға арналған Даму жоспарының нысаналы индикаторының динамикасын қадағалау үшін қазақстандық БАҚ-та мемлекеттік саясатты жариялаумен қанағаттанушылық деңгейін анықтау. Міндеттері: Мемлекеттік саясаттың БАҚ-та жариялануына халықтың қаншалықты көңілі толатынын анықтау. Елбасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары өкілдерінің және басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметі туралы халықтың хабардарлық деңгейін өлшеу. Халықтың Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаруы туралы хабардарлық деңгейін өлшеу. Партия жүйесін, азаматтық қоғам, қоғамдық бірлестіктердің қызметін дамыту туралы халықтың хабардарлық деңгейін өлшеу. Халықтың Қазақстан Республикасының халықаралық және сыртқы саясатын, халықаралық қауымдастықтағы Қазақстан Республикасының қызметін түсіндіру туралы хабардарлық деңгейін өлшеу. Халықтың құқықтық саясатты жүзеге асыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң жобаларының ашықтығын қамтамасыз ету жұмысы, ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстары туралы хабардарлық деңгейін өлшеу. Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы халықтың хабардарлық деңгейін өлшеу. Елбасының дағдарысқа қарсы шараларына қатысты берген тапсырмалары туралы халықтың хабардарлық деңгейін өлшеу. Халықтың Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасының жүзеге асырылуы туралы хабардарлық деңгейін өлшеу. Қазақстан Республикасындағы экология мәселелері туралы халықтың хабардарлық деңгейін өлшеу. Халықтың 2021-2025 жж жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері туралы хабардарлық деңгейін өлшеу. Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы халықтың хабардарлық деңгейін өлшеу. Халықтың «Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қоры туралы хабардарлық деңгейін өлшеу. Халықтың Қ.Ж.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы хабардарлық деңгейін өлшеу. |
2023 жыл | Мемлекеттік саясаттың БАҚ-та жариялануына халықтың қанағаттану деңгейі бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Нәтижесі бойынша 2023 жылы 18 жастан асқан азаматтар арасында қазақстандық БАҚ-тарда мемлекеттік саясаттың жариялануына қанағаттану деңгейі 69,04 % құрады. Сондай-ақ, ақпараттың әр топ көздерінде ең атақты БАҚ-тардың ТОП-3 және азаматтардың ақпараттану деңгейі анықталды. | қол жеткізілді | 4,6 | |
| 2 | "2023 жылы тұтынушылардың отандық ақпараттық өнімдерге сұраныс деңгейі (әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерінің есебі)" |
"Стратегия" ӘСЗО" ҚҚ | 9080 | Мақсаты: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылға арналған Даму жоспарының нысаналы индикаторының динамикасын қадағалау үшін пайдаланылатын отандық ақпараттық өнімді тұтынушылардың сұраныс деңгейін статистикалық көрсеткішінің мониторингі. Міндеттері: Қазақстандағы медиақолданыс (ақпарат каналы мен тілдік артықшылықты есепке ала отырып) тәжірибесін зерттеу. Тұтынушылардың әрекетіне ықпал ететін басты параметрлерді анықтау. Тұтынушылардың отандық өнімдерге деген сұраныс (қолданыс) деңгейін анықтау. 2020-2023 жылдар аралығындағы динамикасын талдау. Отандық БАҚ арқылы халықтың басты ақпарат қажеттілігінің деңгейін анықтау, шетелдік (соның ішінде америка, еуропа, ресей, украин, өзбек, түрік, қытай) БАҚ-қа деген сұраныс деңгейін анықтау. Халық сұранысын қанағаттандырмайтын отандық БАҚ жұмысының аспектілерін анықтау. Халықтың жергілікті, республикалық, шетелдік БАҚ таңдауына ықпал ететін факторларды анықтау. 2020-2023 жылдар аралығындағы динамикасын талдау. Халық арасына неғұрлым танымал БАҚ аттары мен олардың тақырыптық (жанрлық) бағытын анықтау. 2020-2023 жылдардағы нәтижелерін талдау. Халықтың әлеуметтік желілерге деген сенім деңгейін анықтау. |
2023 жыл | Тұтынушылардың отандық ақпараттық өнімдерге сұраныс деңгейін анықтау үшін әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша 18 жастан асқан азаматтар арасында отандық ақпараттық өнімдерге сұраныс деңгейі 70,05 % құрады. Халық арасындағы сұраныс деңгейі бойынша БАҚ түрлері анықталды. Сондай-ақ, халық арасында ақпарат көздеріне сену деңгейі бойынша зерттеулер жүргізілді және азаматтар арасында сұранысқа ие бағдарламалардың негізгі түрлері анықталды. | қол жеткізілді | 4,8 | |
| 3 | "Халықтың қажеттіліктерін бағалауды жүргізу" | "Десента" ҚҚ | 20604 | Мақсаты: үкіметтік емес ұйымдар үшін әлеуметтік жобалардың тақырыптарын қалыптастыру үшін анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған мемлекет саясатын қалыптастыру үшін өңірлердің (қала/ауыл) бөлінісінде халықтың қажеттіліктерін анықтау және бағалау. Міндеттері: Қала/ауыл бөлінісінде 20-дан кем емес сарапшының қатысуымен сұхбат өткізу; қала/ауыл бөлінісінде еліміздің 20 өңірінде халық арасында сауалнама жүргізу; Өңірлерде қала/ауыл бөлінісінде кемінде 20 фокус-топтар отырысын өткзу, Е-otinish, kurultaу сында платформаларға, БАҚ контентіне, сондай-ақ басқа да көздерден үкіметтік емес ұйымдарды қарыжлай қолдау түрлеріне талдау жасау; Өңірлер бөлінісінде Халықтың мұқтаждықтары туралы картаны әзірлеу; Ұсынымдар көрсетілген талдамалы есепті әзірлеу (ұсынымдар тізімі және статистикалық деректер). |
2023 жыл | ҮЕҰ үшін әлеуметтік тақырыптарды қалыптастыру үшін анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін өңірлер бөлінісінде (қала/ауыл) халықтың қажеттіліктерін бағалау жүргізілді. Атап айтқанда, қаладағы және ауылдағы халықтың өмір жағдайымен қанағаттану деңгейі, қала және ауыл тұрғындарының маңызды қажеттіліктері, мемлекеттік әлеуметтік саясат шеңберінде өңірлердегі қала және ауыл халқының үмітері, ҮЕҰ жұмысы туралы ақпараттану деңгейі, ҮЕҰ жұмысына халықтың қатысу деңгейі, ҮЕҰ өңірлерде іске асыратын жобаларға қатысты қала және ауыл тұрғындарының үміттері анықталды. | қол жеткізілді | 4,8 | |
| 4 | "Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе" | "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ӘТБ | 17600 | Мақсаты: Қазақстан Республикасы ратификациялаған және қол қойған халықаралық міндеттерді орындау, сондай-ақ, Қазақстанның мүдделерін халықаралық деңгейде ілгерілету. Міндеттері:ҮЕҰ-дың өкілдері мен азаматтық белсенділердің халықаралық диалог алаңдарына (іс-шараларға) қатысуларын қамтамасыз ету. Қазақстанның азаматтық қоғам жүйесін дамытуға қажетті халықаралық тәжірибе алу. Халықаралық диалог алаңдарына қатысуға қазақстандық ҮЕҰ өкілдерін тарту арқылы Қазақстан Республикасының беделін халықаралық аренада нығайту. Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы жетістіктерін ілгерілетудегі ұстанымын қорғау, Қазақстанның оңды тәжірибесін ұсыну. Талқыланатын сұрақтар бойынша халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстарын зерттеу және сараптау. | 2023 жыл | Жоба қазақстандық ҮЕҰ өкілдеріне халықаралық кеңістіктерде сөз сөйлеуге және халықаралық қоғамдастыққа қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы жетістіктерді ұсынуға мүмкіндік берді. Жоба шетелдік және халықаралық мекемелермен қарым-қатынас және серіктестік қалыптастыру үшін кеңістік болды. | қол жеткізілді | 4,4 | |
| 5 | "ФАТФ ұсынымын іске асыру шеңберінде кірістерді заңдастыруға, жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша ҮЕҰ-ға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру" | "Ұлттық және Халықаралық Дамыту Бастамалары Институты" ҚҚ ("ИНМИР"ҚҚ) | 14009 | Мақсаты: ФАТФ 8 ұсынымында көзделген халықаралық міндеттемелерді орындау. Міндеттері: Коммерциялық емес секторда ФАТФ ұсынымын іске асыру бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. ФАТФ ұсынымын іске асыру шеңберінде терроризмді заңдастыруға, кірістерді жылыстатуға және қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. | 2023 жыл | Коммерциялық емес секторда ФАТФ ұсынымдарын іске асыру бойынша ҮЕҰ мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ФАТФ ұсынымдарын іске асыру шеңберінде легализация, кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыруды алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды және өткізілді. ҮЕҰ бірінші басшылары және негізгі қызметкерлері Қазақстанның 20 өңірінде ФАТФ, 8-ұсынымды іске асыру бөлігінде Қазақстанның жұмысы туралы өз білімдерін кеңейтті. Жалпы, ҮЕҰ өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі және ФАТФ туралы ақпарат деңгейі көтерілді. 90% аса қатысушылар ФАТФ туралы бірінші рет білді. | қол жеткізілді | 4,5 | |
Жарияланған күні
10 қаңтар 2024 15:27
Жаңарту күні
10 қаңтар 2024
Срок публичного обсуждения
10 қаңтар 2024
Жарияланды