"СҚО әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" КММ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.
Өтінімдер мен құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап мына мекенжай бойынша қабылданады: ҚР СҚО Смирново ауылы, Г. Зенченко көшесі, 16, Аққайың білім бөлімінің электрондық мекенжайы akkain.roo@sko.kz
1-қосымшадағы өтінім нысаны
Жарияланған күні: 12.12.2025 жыл.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпаратты;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт (сыйымдылығы үш топқа дейін);
4) педагогтік немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).
Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды Аққайың ауданының білім бөлімінің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.
Электрондық форматта құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім бөліміне қағаз форматта жібереді.
Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтама (талон) мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) білім бөлімі қолма-қол береді.
Білім бөлімінде құжаттарды тіркеу аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды.
Құжаттар міндетті бейне және аудио тіркеумен әлеуетті қызмет көрсетушілердің қатысуымен қаралады.
Мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған құжаттарды Комиссия дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаға сәйкес білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.
Комиссия оның мүшелері қатарынан айқындаған адамдар ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес .стігі туралы хаттама жасайды және білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Білім бөлімі Комиссия хаттамасының негізінде өтініш беру сәтіндегі бос орындардың атауын, санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастырады.
Мектепке дейінгі ұйымды мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізуден бас тарту мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізу жөніндегі келесі конкурстық рәсімге қайта қатысуға кедергі болмайды.