
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың сауығуына, жан-жақты дамуына және бос уақытын қауіпсіз қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Балалардың жазғы демалысының негізгі нысандары: "Оқжетпес" демалыс лагері, мектеп жанындағы алаңдар, қала сыртындағы сауықтыру лагерлері, Еңбек және еріктілер жасақтары, танымдық және бос уақытты ұйымдастырудың қашықтықтан және күндізгі нысандары және спорттық, шығармашылық, техникалық, экологиялық іс-шаралар болып табылады.
2025 жылдың жазғы кезеңінде Аққайың ауданының аумағында Лесное ауылдық округінде орналасқан "Оқжетпес" демалыс лагері жұмыс істейтін болады. Лагерьдің жобалық қуаты 100 орынды құрайды. Жазғы кезеңде демалу 6 маусымға жоспарланған, лагерьде болу 10 күнге бес мезгіл тамақпен есептелген.
Жолдама құны 35000 теңгені құрайды. 2024 жылы "Оқжетпес" демалыс лагерінде 209 млн 789 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жатын жайлар өнделді, балалардың тұруына арналған корпустар, асхана, медициналық пункт, душ кабиналары мен санитарлық тораптары бар санитарлық-гигиеналық корпус, кір жуатын орын құрылды. Жаңа жиһаз сатып алынды: кереуеттер, төсек, үстелдер, шкафтар. Жатын орындары жылы, жайлы және жарық болды. Асхана жаңа жиһазбен және ас үй жабдықтарымен жабдықталған. Лагерь аумағында демалуға арналған жаңа беседкалар, заманауи талаптарға сай келетін шағын футбол алаңы орнатылған.
«Оқжетпес лагері" өзгерді, түрлі түстермен жарқырап, әдемі әрі жайлы болды. Біздің лагерь балаларды керемет ұйымдастырылған демалыс үшін күтеді, онда балалар көптеген жарқын әсерлерге, позитивтілікке ие болады, сергектік пен қуат алады.