Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы
163166 - 220682
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
- ғылыми дәрежесі;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Сәулет
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, ҚР Мемлекеттік хатшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын үйлестіру және бақылау. Әкімшілік-құқықтық, лицензиялау және аттестаттау, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бағыттары бойынша бөлімдердің жұмысына басшылық пен бақылауды жүзеге асырады. Коммерциялық және жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін бақылау, тұрғын ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша құрылыс және монтаждау жұмыстарын бақылау, бюджеттік құрылыс объектілерін бақылау (республикалық және жергілікті мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын), желілік құрылыстарды төсеу бойынша құрылыс және монтаждау жұмыстарын бақылау, оның ішінде автожолдарды, көпірлерді, метрополитенді, инженерлік желілерді салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу. Жетекшілік ететін бағыт бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны белгіленген тәртіппен ресімдеуді және беруді бақылайды. Басқарманың құжат айналымын, оның ішінде электрондық құжат айналымын бақылауды жүзеге асырады. әкімшілік практиканың қолданылуын, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді келісуді бақылауды жүзеге асырады; Басқарманың қаржыландыру жоспарының орындалуын, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асырады; басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады.Бекітілген кестеге сәйкес жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады. ШҚО әкімдігінің және басқа да жоғары тұрған органдардың шешімдері мен өкімдерінің іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Лицензиаттардың лицензиялық ережелер мен нормаларды сақтауын бақылауды, лицензиялау ережелері мен нормаларын бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де бақылау нысанын жүзеге асырады.Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензия алу, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру үшін лицензиат ұсынатын құжаттар мен материалдардың қаралуына бақылауды жүзеге асырады. Өтініш берушілерден келіп түскен материалдар мен құжаттардың қаралуына бақылауды жүзеге асырады (сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау). Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыруға сарапшыларды аттестаттау бойынша тестілеуді өткізу бойынша бақылауды жүзеге асырады.ШҚО әкімдігімен, мемлекеттік кірістер департаментімен, қаржы полициясымен, прокуратурамен және басқа да мемлекеттік қызметтермен өз құзыреті шегінде құқықтық сипаттағы және лицензиялау және аттестаттау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқықтық жалпы оқыту, құрылыс сапасы, жаңа технологиялар мен материалдарды қолдану бойынша семинарлар, кеңестер өткізуге, сәулет-құрылыс бақылау мәселелері бойынша құрылыс саласындағы кеңестерге қатысады. Сараптама жүргізуге қол қояды және жүзеге асырады және оның құзыретіне жататын құжаттарға: қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаға, жетекшілік ететін бөлімдердің барлық құжаттарына және Басқарма жөніндегі құжаттарға, мемлекеттік тілде орындалған бұйрықтар мен басқарма басшысының жеке жазбаша өкімдеріне қол қояды. "Ашық деректер", "Ашық нормативтік-құқықтық актілер", "Ашық бюджеттер" порталдарында ақпараттың орналастырылуын және өзектілігін бақылауды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.05.2020
- «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, 118-кабинет
-
8(7232)71-31-37, 71-31-39,