Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-1

Орташа лауазымдық айлықақы

182456 - 246519

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)

Функционалды міндеттер

Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бақылау жасайды. Облыс аумағында мәдениет құру, жаңғырту, сақтау, дамыту, тарату және пайдалануды үйлестіреді. Мәдениет және өнер нысандарын қорғау, пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді. Басқарманың штаттық кестесін бекітеді. Заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады. Заңнамамен бекітілген тәртіпте басқарма қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартады және көтермелейді. Мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда басқарманы ұсынады, сенімхатсыз басқарма атынан іс-әрекет етеді және сенімхаттар береді. Басқарма бөлімдері туралы ережелерді бекітеді. Басқарма актілеріне қол қояды, басқарманың барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар мен тапсырмалар береді. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға міндетті, және жеке жауапкершілікте. Өз құзіреті шеңберінде бюджет қаражатын игеруге жауапты. Олардың тәжірибесіне қабілетіне және кәсіби даярлығына сәйкес ерлер мен әйелдерге мемлекеттік қызметке тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да қызметтер атқарады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2021 – 17.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.08.2021

Сұхбаттасу орны

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты»ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, 118-кабинет. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

8/7232/71-31-36, 71-31-37