Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-4

Орташа лауазымдық айлықақы

116623 - 157326

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

«Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау қорытындысы бойынша нәтижелерге қол жеткізу бойынша іс-шаралар өткізеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді. Қалалар, аудандар әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың тұрғысынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы туралы аналитикалық материалдарды, ішкі мемлекеттік бақылауды жүргізу қорытындылары туралы талдауды дайындайды. «Облыс әкімінің ахуал орталығы» АЖ тиімділікті бағалау модулінің «Бақылау іс-шарасы» сервисінде  мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша есептік нысандарды толтыру бойынша  іс-шараларды ұйымдастырады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша бақылау іс-шараларын жүргізу үшін субъектілерді анықтайды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шараларының  жоспарын әзірлейді және Шығыс Қазақстан облысының қалалары менаудандарының, басқармаларының бақылау іс-шаралар жоспарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүргізеді (бекітілген Жоспар бойынша). Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттыМемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығына ұсынады (1414). «Электрондық қызметтер орталығы» интернет-порталында орналастыру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігінжәне уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыс әкімінің және әкімдігінің құқықтық актілерінің жобаларын енгізеді. Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне тексеру жүргізеді, аралық және ілеспе қызметтерді (бір өмірлік жағдай шеңберінде көрсетілетін) анықтайды, кейіннен оларды біріктіру бойынша ұсыныстар әзірлейді немесе «бір өтініш» қағидаты бойынша алу мүмкіндігін береді. Жергілікті атқарушы органдардың функцияларына талдау жүргізеді, «жасырын» қызметтерді анықтайды. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет алу кезінде қажетті жағдайлардың болуына талдау жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауға талдау жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістеріне талдау жүргізеді және оңтайландыру мәніне ұсыныстар енгізеді. Ішкі және сыртқы мемлекеттік бақылау нәтижелеріне мониторинг және талдау жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша кеңестер (семинарлар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметтер көрсететін жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді. Облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына кешенді тексеру жүргізуге және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша жүргізілетін жұмыстарғақатысады. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтап, АҚ жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.07.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.07.2021 – 26.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.07.2021

Сұхбаттасу орны

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты»ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, 118-кабинет. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

8/7232/ 71-31-36