Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкімінің орынбасары - 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Өскемен қаласының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

150778 - 203162

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Тарих
  • Халықаралық қатынастар
  • Мәдениеттану
  • Филология
  • Дінтану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1,  D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

Функционалды міндеттер

Қаланың атқарушы органдарының: халықты әлеуметтік қорғау, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің қызметтерін үйлестіру. Қаланың әлеуметтік-мәдени дамуының басым бағыттарын анықтау. Мемлекеттік тіл саясатын, идеологиялық қамтамасыз ету, қоғамдық келісім, әскери-патриоттық тәрбие, құқықбұзушылықтың алдын алу, азаматтардың шұғыл әскери қызметке шақырылымы, отбасы  және неке мәселелерін жүзеге асыру, азаматтықхал актілерін тіркеуді сапалы жүзеге асыру және жеке тұлғалардың тіркеуі туралы мәліметтерді мемлекеттік дерекқорға енгізуді бақылау. Қала дамуының маңызды сұрақтары бойынша әлеуметтік-саяси процесстерді, саяси жағдайдың мониторингін және қоғамдық көзқарасты зерттеуді ұйымдастыру. Адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық ұйымдармен, қоғамдық және діни ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен, қалалық ақсақалдар және ардагерлер кеңесімен өзара қарым-қатынас жасау. Жалпы мемлекеттік мерекелер, қоғамдық-саяси науқандарды, референдумдар мен барлық деңгейдегі депутаттарды сайлауды дайындауды ұйымдастыру және өткізу. Қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас жасау. Зейнеткерлердің, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау бойынша, әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясаты бойынша комиссиялары, кеңестері, жастар ісі бойынша, мүгедектер ісі бойынша мекемелер қызметінің мәселелерін шешу жөніндегі жұмыс тобының жұмысына, үкіметтік емес ұйымдар кеңесімен қарым-қатынас жасауға басшылық ету. Қарасты бөлімдерде  тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» тоқсан сайынғы 1-ОЛ есебін сапалы ұсыну.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.05.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.05.2021 – 12.05.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

14.05.2021

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, 118-кабинет. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7232)71-31-37, 71-31-39