Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары, 1 бірлік
Глубокое ауданының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы
150778 - 203162
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Құқықтану
- Сәулет
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геодезия және картография
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Логистика (сала бойынша)
- Қаржы
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.
Функционалды міндеттер
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің қызметін үйлестіреді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешенінің қызмет етуін, құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша жедел басшылықты, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму іс-шараларын әзірлеуді және іске асыруды; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады. Экологиялық жағдайды сауықтыру және қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, орман қоры, кеспеағаш қорын бөлу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша ҚР заңнамасының орындалуын; аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша ҚР заңнамасының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша мемлекеттік ұйымдармен, аудан және облыс кәсіпорындарымен, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады. Жетекшілік ететін бөлімдердің көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді. Жетекшілік ететін салалар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының, облыс әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларының сапалы және толық орындалуын, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуын, жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін бақылауды қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің қызметін үйлестіреді және бақылайды. Әкімдік қабылдаған қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және жетекшілік ететін бағыттарға қатысты салаларда мемлекет саясатына сәйкестігіне, сондай-ақ аудан әкімінің тапсырмаларын және ұйымдастырушылық-өкімдік сипаттағы өзге де құжаттарды орындауға дербес жауапты.Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді. ИСО 9001-2015 жаңа нұсқасының талаптарын жұмыста қолдану.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.03.2021
- «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, 118-кабинет. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
-
8(7232)71-31-37, 71-31-39