Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің бас инспекторы (құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі)

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

141576 - 191482

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық

Функционалды міндеттер

Әділет, прокуратура, ішкі істер, жергілікті полиция қызметі органдарымен, ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменттерімен, ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі органдарымен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, нашақорлық пен есірткі бизнесімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту, адамдарды сатуға және әйелдерге қарсы қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес, мемлекеттік шекараны күзету, жергілікті полиция қызметінің, сот органдарының алқабиге кандидаттардың тізімдерін жасау мәселесі бойынша өзара іс-әрекеттестікті  қамтамасыз етеді. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың, қоғамдық құрылымдардың күш-жігерін біріктіруге және басым бағыттарын айқындауға қатысады, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жұртшылықты тарту бойынша ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді. Қылмыстық-атқару жүйесі, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, нашақорлық пен есірткі бизнесі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық тәртібін қамтамасыз етуге жұртшылықты тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі, облыс әкімдігі, облыс әкімі актілерінің, облыстық мәслихат сессиялары шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, жол қозғалысы қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру, құқық тәртібін қамтамасыз етуге жұртшылықты тарту жөніндегі жұмыстардың жай-күйін талдайды және бағалайды, олардың негізінде әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды, кеңестерді ұйымдастырады. Орындаушылық тәртіптегі анықталған бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтамау фактілерін жою, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және оның Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының өзге де құжаттарын орындау бойынша ұсыныстар енгізеді. Облыс әкімі аппаратының бөлімдерімен, облыстық басқармалармен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алу, алқабиге кандидаттардың тізімін жасау, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі комиссияның жұмысын, қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша өзара іс-әрекеттестікті  қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл, «нөлдік төзімділік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды, бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық жоспарды, Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның және қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарын дайындайды, хаттамаларды жүргізеді. Мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың, Шығыс Қазақстан облысындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның және әлеуетті қауіпті аймақтарды анықтау, Шығыс Қазақстан облысындағы иесіз оқ-дәрілерді анықтау және кәдеге жарату мәселелері жөніндегі комиссияның қызметіне бақылау жүргізеді. Бөлімнің жұмыс жоспарының жобасын дайындайды, ай сайын қорытынды анықтаманы дайындайды және бөлім басшысына баяндайды. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі, облыс әкімдігі, облыс әкімі актілерінің, облыстық мәслихат сессиялары шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.03.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.03.2020

Сұхбаттасу орны

Өскемен қ., М.Горький к., 40, 526 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

тел. 8(7232)71-31-37,                         71-31-39