Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас инспекторы, D-3, (1 бірлік), В функционалдық блогы

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Құқық және экономика негіздері

Функционалды міндеттер

Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, қылмыстық-атқару жүйесін қорғау, мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен, арнаулы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

 жетекшілік ететін мәселелер бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың, қоғамдық құрылымдардың басым бағыттарын айқындауға және күш-жігерін біріктіруге қатысады;

 ҚР президенті мен үкіметінің, облыс әкімдігінің, облыс әкімінің актілерінің, заңдардың,облыстық мәслихат сессияларының жетекшілік ететін мәселелер бойынша шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

 жетекшілік ететін мәселелер бойынша жұмыстың жай-күйін талдайды және бағалайды, олардың негізінде әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды, жиналыстар ұйымдастырады;

 атқарушылық тәртіптің анықталған бұзушылықтарын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және оның Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрліктері мен ведомстволарының өзге де құжаттарын орындамау фактілерін жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;

 жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімі аппаратының бөлімдерімен, облыстық басқармалармен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

 - Шығыс Қазақстан облысындағы дағдарыстық жағдайды оқшаулау және жою жөніндегі өңірлік жедел штаб;

- Республикалық жедел штабтың;

- сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелер бойынша басқа да консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

жоспарлауды, дайындауды және құжаттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

 құқық қорғау органдарымен, арнайы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен жетекшілік ететін мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырады;

 мемлекет басшысына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға енгізу үшін құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық тәртібін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

 аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізеді және практикалық көмек көрсетеді:

- жазаның осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарға тартуын ұйымдастыру;

- құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысқан азаматтарды көтермелеу және ақшалай сыйақы мөлшері;

 құпиялылық режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, өзінің өндірісіндегі номенклатуралық істерді жүргізеді;

 құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас инспекторымен өзара алмасу қағидаты бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады және жұмыс істейді;

 өз өкілеттіктері шегінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды;

 өз қызметін жүзеге асыру барысында ішкі еңбек ережелерін сақтайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.06.2026 – 26.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

30.06.2026

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

87232713136