Шығыс Қазақстан облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының қаржы-экономикалық және заң мәселелері жөніндегі орынбасары
Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы
163166 - 220682
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
- ғылыми дәрежесі;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін бөлімдерге жалпы басшылығын жүргізеді; сондай-ақ бөлімдердің қызметін жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді және ұйымдастырады, олардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; Басқарма қызметінің тиімділігін арттыру және түпкілікті нәтижелерге қолжеткізуге бағытталған қаржы-шаруашылық және құқықтық қызметін ұйымдастыруды және жетілдіруді жүзеге асырады; Қаржылық және еңбек тәртібін сақтауды, жоспарланған мақсаттардың орындалу барысын қадағалауды қамтамасыз етеді экономикалық, құқықтық және адами ресурстармен жұмыс істейді, Материалдық ынталандырудың икемді саясатын іске асыру, еңбек жағдайларын жақсарту, оның мазмұны мен беделін арттыру, құрылымдар мен қызметкерлерді еңбек тәртібін нығайту негізінде барлық санаттағы қызметкерлердің еңбек мотивациясын арттыру бойынша шаралар кешенін ұйымдастырады және үйлестіреді; Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлерді ұйымдастыруды және өткізуді бақылайды; «Ашық үкімет» енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; Түпкі нәтижелердің тиімділігі мен қолжетімділігіне бағытталған Басқарманың экономикалық қызметін ұйымдастыруды және жетілдіруді қамтамасыз етеді. Басқарманың шаруашылық қызметінің барлық учаскесінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды үнемдеу режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. Қаржылық тәртіптің сақталуын, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, кешенді экономикалық талдау жүргізуді ұйымдастырады. ШҚО аумағында тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру мәселелерін бақылайды; Облыс аумағында салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барлық объектілері бойынша жиынтықты ақпараттың уақытылы әзірленуін бақылайды; Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерінің уақытылы әзірленуіне және бекітілуіне бақылау жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.09.2020
- «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты»ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, 118-кабинетте
-
8(7232)71-31-37, 71-31-39,