«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік, коды (№ ОПРСПО-3), А функционалдық блогы

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Құқық және экономика негіздері

Функционалды міндеттер

құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, қылмыстық-атқару жүйесін қорғау, мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен, арнаулы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; жетекшілік ететін мәселелер бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың, қоғамдық құрылымдардың басым бағыттарын айқындауға және күш-жігерін біріктіруге қатысады; Заңдардың, ҚР Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігінің, облыс әкімінің актілерінің, облыстық мәслихат сессияларының жетекшілік ететін мәселелер бойынша шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады; жетекшілік ететін мәселелер бойынша жұмыстың жай-күйін талдайды және бағалайды, олардың негізінде әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды, кеңестер ұйымдастырады;  атқарушылық тәртіптің анықталған бұзушылықтарын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және оның Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрліктері мен ведомстволарының өзге де құжаттарын орындамау фактілерін жою жөнінде ұсынымдар енгізеді; жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімі аппаратының бөлімдерімен, облыстық басқармалармен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша).мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың жұмысын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді: тоқсан сайын:

- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша).- мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың қызметі туралы жалпы анықтама дайындайды және бөлім басшысына және облыс әкіміне баяндайды; жетекшілік ететін мәселелер бойынша басқа консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; жобалық басқару шеңберінде жоба топтарына басшылықты жүзеге асырады:

- № 4 (ТБН-4) "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағыты; № 7 (ТБН-7) "Нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағыты; ТБН-4, ТБН-7 іске асыруға тартылған аппарат мамандарының жұмысына басшылық жасайды, облыс әкімі аппаратында, облыстық атқарушы органдарда, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінде, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмысты үйлестіреді; облыс әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады; облыс әкімі аппаратында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесінде көзделген іс-шараларды жүзеге асырады; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу үшін ұсыныстар әзірлеуге қатысады; жетекшілік ететін мәселелер бойынша талдауды жүзеге асырады және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдеріне практикалық көмек көрсетеді; Сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын мүмкіндіктерді болдырмау, оның ішінде мақсатты индикаторлар арқылы экономиканың жалпы ішкі өніміндегі мемлекеттің қатысу үлесін пайыздық көрсеткіште қысқарту, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту, соның ішінде:

-  бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау және мемлекеттік сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету;

-  бюджеттік қолдаудың экономикалық тиімділігін арттыру;

-  экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін азайту.

Құқық қорғау органдарымен, арнаулы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырады; құпиялылық режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, өзінің өндірісіндегі номенклатуралық істерді жүргізеді; бас инспектормен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады және өзара алмастырушылық қағидаты бойынша жұмыс істейді. өз өкілеттіктері шегінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды; өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру барысында ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын сақтайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.05.2026 – 12.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

14.05.2026

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

8(7232)71-31-36