«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының орынбасары, D-O-2 санаты (1 бірлік), (№ Р-2), А функционалдық блогы
Шығыс Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басшысы болмаған жағдайда оны алмастырады. Мынадай функционалдық секторлар мен басқару блоктарының қызметіне жалпы: қаржы-экономикалық, бюджет қаражатын игеру және пайдалануына, әкімшілік жұмыстарына, бұқаралық спорттына, жоғары спорт жетістіктері және спорт резервіне басшылықты жүзеге асырады. Құжат айналымын ұйымдастыруды, бекітілген секторлар мен блоктар бойынша есептілікті ұсынуды, мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді. Оқу-спорт және спорт жоғары жетістіктердегі, дене шынықтыру-сауықтыру және бұқаралық, олимпиадалық емес және халық-ұлттық спорт түрлерінің жұмысын үйлестіреді. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша Басқарманың стратегиялық жоспарында көрсетілген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Өз құзыретінің мәселелері бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық уәкілетті органмен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Жетекшілік ететін секторлар мен блоктардың қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі. Басқарманың құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына ұйымдастырушылық, әдістемелік және құқықтық көмек көрсетеді. Облыстың спорт объектілері мен құрылыстарының жай-күйіне, оларды пайдалану кезінде республикалық регламенттерге сәйкестігіне мониторинг пен талдау жүргізеді. Спортшыларға жарысқа дайындық бойынша есеп жасайды және олардың өңірлік, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға, кешенді республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру мен спорттың дамуын үйлестіруді және бақылауды, халықты бұқаралық спортқа тартуды жүзеге асырады. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, спорт клубтарының және басқа да спорт ұйымдарының желісін дамытуды және оларда оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды, сондай-ақ облыстың спорт түрлері бойынша федерациялармен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Облыста спорттық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ облыс аумағында өткізілетін республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге жәрдемдеседі. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру мәселелерін үйлестіреді. Облыстың құрама командалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарда спорт түрлерінің дамуын талдауды және оқу-спорт процесін бақылауды қамтамасыз етеді. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ заңнамада белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.orazbaeva@akimvko.gov.kz
- 29.04.2026
- «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
8(7232)71-31-36