Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, А - функционалдық блогы, (Р-2)
Шығыс Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су шаруашылығы
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Экология
- Гидрология
- Автоматтандыру және басқару
- Мұнай газ ісі
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Көлік құрылысы
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы
- Гидрогеология және инженерлік геология
Функционалды міндеттер
Басшыны, басшының орынбасары болмаған кезде алмастыру схемасы бойынша ауыстырады; Электр энергиясының бағасын талдау; өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; Қорытындылар ұсыну және табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының орындалуына бақылау жасау; Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, бу беру және ауаны баптау бойынша әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу және бекіту. Басқару құзыреті шегінде энергетика саласында өңірде инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау; Энергетика саласы кәсіпорындарының қаржылық-шаруашылық қызметін талдау. Жылу-энергетика кешені кәсіпорындарының дебиторлық және кредиторлық берешектерінің жай-күйін талдау, оны азайту бойынша ұсыныстар енгізу. Жылыту маусымының өту барысын бақылау; Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік қаражатты бөлуге қатысу; Ертіс су электр стансалар каскадының суды пайдалану мониторингі. Су электр станцияларында электр энергиясын өндіруге күнделікті мониторинг жүргізу. Бөгде ұйымдар (инвесторлар) салуға ұсынған су электр станцияларын орналастырудың орындылығына талдау жүргізу; Жұмыс режиміне және табиғи шығарындыларына байланысты су электр станцияларының өніміне талдау жүргізу. Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін антенналық діңгек құрылымдарын салу жобаларын мониторингтеу және іске асыру. Өзінің қарауындағы аумақта орналасқан Қазақстан Республикасының біртұтас энергетикалық жүйесіне жеткізілетін электр энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келіседі. «Smart city» концепциясы аясында жылуды есепке алу үшін көрсеткіштерді қашықтықтан беру арқылы есептегіш аспаптармен бақылау-өлшеу шараларын жүзеге асыру. «Smart city» тұжырымдамасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде газды есепке алу көрсеткіштерін қашықтықтан беру арқылы есептегіш аспаптармен бақылау-өлшеу шараларын жүзеге асыру; Энергетикалық кәсіпорындарда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпорындарда бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру; Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік органдардың автоматтандырылған жүйелерін құруға қатысу; Энергетикалық кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпорындардың электр және газбен жабдықтауды есепке алу аспаптарын енгізуін талдау. Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларына субъектінің технологиялық процесін басқарудың ақпараттық жүйелерін енгізуге және (немесе) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуге бағытталған шараларды енгізудің орындылығын қарастыру. Көшелерді жарықтандыруды жаңғырту жобаларын бақылау және іске асыру, оның ішінде жарықтандыруды басқару орталығының қызметін бақылау. Жылу энергетикалық кешен объектілерінің техникалық және пайдалану жағдайын тексеруге қатысу. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша энергетикалық кәсіпорындардың қызметін үйлестіру, азаматтық қорғаныс жоспарларын, бейбіт және соғысқа жұмылдыру жоспарларын әзірлеуге және дайындауға қатысу; Төтенше жағдайларды жою штабын және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша энергетикалық қызметті құру; Энергетика саласындағы төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғаныс оқу-жаттығуларына, командалық-штабтық дайындыққа қатысу. Қазандық және газ шаруашылығының қауіпсіздігі саласында ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізеді. «Елді одан әрі газдандыру; Олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының газдандырудың бас схемасында газбен жабдықтау жүйесi объектiлерiн салу көзделген жер учаскелерiн резервте қалдырады. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады; облыстағы елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады; коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарын орнату жөніндегі іс-шараларды жүргізу, Қазақстан Республикасы Президентінің тұрғын үй қорына жалпыүйлік жылу есептегіштерін орнату жөніндегі тапсырмасын (жол картасын) орындау жөніндегі ҚР ҰЭМ іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жаңа технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; облыс тұрғындарын газбен жабдықтау кәсiпорындарының сұйытылған мұнай газын жеткiзуi мен өткiзуiне мониторинг жүргiзу, сұйытылған мұнай газына жиынтық өтiнiмдер беру; сұйытылған мұнай газының қажетті көлемін бөлуге жиынтық өтінімді ресімдеуге газ желісі ұйымдарының өтінімдерін қабылдау; уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға сұйытылған мұнай газының бағалары мен өткiзу көлемдерi туралы тиiстi есептерді уақтылы ұсынуға; қалалар мен аудандардың тұрғын үй инспекцияларының қызметiне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiндегi қауiптi техникалық құрылғыларды қауiпсiз пайдалану жөнiндегi тексерулер жүргiзу бөлiгiнде талдау жүргiзу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.magauyanova@akimvko.gov.kz
- 08.04.2026
- «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
71-31-38, 71-31-37