Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары, А - функционалдық блогы, (01-01/03), 1 бірлік

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

593751

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Орман шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Агроинженерия
  • Ветеринария
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Геодезия және картография
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Туризм
  • Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Қызметтің жетекшілік ететін салаларында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын үйлестіреді. Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ауыл шаруашылығы, ветеринария қызметі, жер қатынастары бөлімдерінің қызметін үйлестіреді.  Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенді, балық және су шаруашылығын дамыту, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы, астық нарығын реттеу, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсімдіктерді қорғау және карантин, азық-түлік қауіпсіздігін, баға саясатын қамтамасыз ету, аграрлық ғылымды дамыту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімдерін белгіленген бағамен әлеуметтік дүкендерге жеткізу, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығы мен одақтарының жұмысын жолға қою. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізуді, олардың қызметінің тиімділігін талдауды және өндіріс өсімінің қолда бар резервтері мен ауданда экспорттық әлеуетті анықтауды қамтамасыз етеді. Өткізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға ұсынуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, халық арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізеді. Аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдайды. Ұйымдастырады: аудан аумағында орналасқан индустриялық аймақтардың, бизнесті дамыту аймақтарының жұмысын мониторингілеу және үйлестіру; өндірістік және инновациялық әлеуетті аумақтық ұйымдастыру, өндірістің энергия тиімділігі, технологияларды жаңғырту және трансферт мәселелерін ескере отырып, ауданның индустриялық-инновациялық дамуы және инновациялық белсенділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу, экологиялық жағдайды сауықтыру, тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету; жер қорын басқару және жер қатынастарын үйлестіру саласындағы инвестициялық жобалар мен даму бағдарламаларын іске асыру. Мәселелерді үйлестіреді: Индустриялық-инновациялық саладағы ынтымақтастық, жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде өңірдің шикізат ресурстарын тиімді игеру және жаңа өндірістер құру мақсатында инвесторлар тарту; туризмді, туристік инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту; кәсіпкерлікті дамыту, бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыру; отандық тауар өндірушілердің өнімін ұлғайту (қазақстандық қамту); өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың өнімдерін сыртқы нарықтарға жылжыту; органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың шекараны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді орындауы.  Жобалық басқаруды енгізу бойынша өңірлік штабтың кураторы болып табылады. Функционалдық міндеттеріне сәйкес өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді: облыстық және аудандық деңгейде жетекшілік ететін салалардағы ұйымдармен, кәсіпорындармен және мекемелермен;  Жетекшілік ететін салалар бойынша бақылауды қамтамасыз етеді: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының сапасы мен толықтығына, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын ауданішілік талдауды бағалаудың нысаналы негізгі индикаторларына қол жеткізу туралы меморандум көрсеткіштеріне; Әкімдіктің қабылданатын қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес салалардағы қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкестігі, сондай-ақ облыс, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының және ұйымдастырушылық-өкімдік сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуы үшін дербес жауапты болады. Өз құзыреті шегінде жобаны басқару, цифрландыруды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Кәсіпкерлік мәселелері, әлеуметтік әріптестік, азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі аудандық комиссияларды басқарады. Қолданыстағы заңнама шеңберінде жер учаскелерін бөлу, жер қойнауын пайдалануға құқық беру, инфрақұрылыммен, қажетті қаржы құралдарымен қамтамасыз ету, техникалық және консультациялық көмек көрсету, инновациялар мен озық технологияларды енгізу, өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлерінің инновациялық әзірлемелерін жедел игеру мәселелерін шешуді қоса алғанда, жобаларды іске асыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Инновациялар және жаңа технологиялар бойынша, индустриялық-инновациялық даму бойынша, 2025-Бизнестің жол картасын іске асыру бойынша, экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша кеңестердің жұмысын қамтамасыз етеді. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімдер мен ауылдық әкімдіктердің жұмысын үйлестіреді. "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының негізінде ауданда мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.  Функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары тұрған органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауларын өткізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.02.2026 – 19.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

23.02.2026

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

71-31-38