Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, 1 бірлік, коды (Р-4), А функционалдық блогы

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

593751

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Өнер
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Мәдени-тынығу жұмысы

Функционалды міндеттер

1) Қазақстан Республикасының салық органдарымен, статистика органдарымен, ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдармен, Қазақстан Республикасының Әділет департаментімен, қоршаған ортаны қорғау органдарымен, қаржы институттарымен, шағын бизнес субъектілерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, қауымдастықтармен, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының бірлестіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

2) бюджеттік комиссияға, аяқталған тұрғын үй, өндірістік, тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясына, тұрғын үй құрылысын дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде аяқталған тұрғын үй объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясына, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңеске, инфляциялық үдерістерді бақылау жөніндегі қалалық штабқа, бюджеттік қаражатты игеру жөніндегі жұмыс тобына, қаладағы кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобына, «Жылдың үздік кәсіпкері» конкурсын өткізу жөніндегі жұмыс тобына басшылық жасау;

3) құрылыс кәсіпорындарының қызметіне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, олардың қызметінің тиімділігін талдау, құрылыс саласының өсу резервтерін анықтауды ұйымдастыру;

4) ағымдағы және перспективалық жоспарлау, болжау, қалалық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету, шығыс бөлігінің орындалуы, қала әкімінің қызметіне рейтингтік бағалау мәселелері;

5) экономиканың нақты секторларындағы даму бағдарламаларын іске асыру, қаладағы экологиялық ахуалды мониторингтеу, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының іске асырылуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мәселелері, коммуналдық меншік объектілерін тиімді пайдалану мәселелері;

6) қалалық атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі қалалық сараптамалық комиссияға басшылық жасау;

7) жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша халықаралық және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелері;

8) жетекшілік ететін бағыттар бойынша салалық бағдарламалардың іске асырылуын үйлестіру, атап айтқанда: «2021–2025 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімділігін арттыру бөлігінде «2017–2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «2017–2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», «2020–2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы», цифрлық инфрақұрылымды дамыту бөлігінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, қаржыландыру бөлігінде 2020–2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы;

9) жетекшілік ететін салалар бойынша бақылауды қамтамасыз ету:

Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және қала әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларының, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігінде уақтылы, сапалы және толық орындалуын бақылау;

мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуын бақылау;

қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау көрсеткіштерін бақылау;

«Жетекшілік ететін салада/салааралықта/өңірде мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру», «Бюджет қаражатын басқару» бағыттары бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін бақылау;

10) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүргізу;

11) ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.02.2026 – 09.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

11.02.2026

Сұхбаттасу орны

Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, 509-кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8(7232) 71-31-70