«Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ жұмылдыру даярлығы бөлімінің басшысы, 1 бірлік, коды (№ОПМП-1), А функционалдық блогы

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік

Функционалды міндеттер

«Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «ҚР Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Төтенше жағдай туралы», «Әскери жағдай туралы» ҚР Заңдарының,таралуы шектеулі құжаттармен және аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеу қағидаларының талаптарын орындау.  Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімнің жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді. Облыс аумағында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру және Қарулы Күштерге шақыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады. Жұмылдыру даярлығы саласындағы уәкілетті органды әзірлейді, келіседі және жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру және Қарулы Күштерге шақыруды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы құжаттарды бекітуге енгізеді.  Жұмылдыру даярлығымен жұмылдыру іс-шараларының кешенін іске асыруды ұйымдастырады. Жоғары тұрған ұйымдарға жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру және Қарулы Күштерге шақыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша есептерді дайындайды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдарға жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, Қарулы Күштерге шақыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асырады және әдістемелік көмек көрсетеді.  Облыстың әкімшілік-аумақтық шекараларында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды дайындауды жүзеге асырады және өткізуге қатысады. Бөлім қызметкерлерінің, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жұмылдыру бөлімшелерінің және облыстық басқармалардың жұмылдыру жұмысына жауапты лауазымды тұлғаларының біліктілігі мен кәсіби білімін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді. Жұмылдыру даярлығы құжаттарын әзірлеуді ұйымдастырады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Жұмылдырылуды өрiстетудiң құжаттарын әзірлеуді ұйымдастырады. Жедел-жұмылдыру жұмыстарының іс-шараларын үйлестіреді. «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру», «Әскери қызметке шақырудан босатуды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге өтінімдердің тіркелуін бақылауды, оларды сыртқы келісу үшін уәкілетті келісуші органдарға жіберуді, қызметтер көрсету нәтижесін қалыптастыруды және «Е-Лицензиялау»МДҚ ақпараттық жүйесінде шығыс құжатына қол қоюды бақылауды қамтамасыз етеді. Облыс әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен өзара іс-қимылды, қажетті құжаттаманы дайындауды ұйымдастырады. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болуына байланысты шектеулерді сақтайды, олардың бұзылуы және/немесе сақталмауы құқықтық жауапкершіліктің әртүрлі түрлеріне жатады. Осы лауазымдық нұсқаулықта, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген лауазымдық міндеттерді адал орындайды. Өз өкілеттігі шегінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.01.2026 – 13.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

15.01.2026

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

71-31-36