Заместитель акима Зайсанского района Восточно-Казахстанской области, функциональный блок – А, (Р-3)
Шығыс Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Өнер
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Математика және статистика
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Орман шаруашылығы
- Балық шаруашылығы
- Агроинженерия
- Ветеринария
- Әскери іс
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Бастапқы әскери дайындық
- Дене шынықтыру және спорт
- Биология
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Спорт менеджменті
Функционалды міндеттер
Аудандық ішкі саясат, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің және кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ауыл шаруашылығы саласының қызметтерін үйлестіреді. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс мерзімді әскери шақыру мәселелерін үйлестіреді, денсаулық сақтау саласындағы мәселелерімен айналысады. Аудандық «Достық» газетімен, Зайсан аудандық әділет басқармасымен, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Зайсан филиалы, Шығыс Қазақстан облысы мәдени мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының «Зайсан тарихи өлкетану мұражайы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, психологиялық-медициналық, педагогикалық консультация мекемесімен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Зайсан аудандық бөлімі, Зайсан аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасымен, «Зайсан аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынымен, қала және ауылдық дәрігерлік амбулаториялармен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Зайсан аудандық аумақтық инспекциясымен, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Зайсан аудандық аумақтық инспекциясымен, Зайсан ауданының технологиялық колледжі, Зайсан ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімімен өзара қызметті қамтамасыз ету. Жастар саясатын, ақпараттық саясатты, Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасты, тұрғындар денсаулығын қорғау, әскери патриоттық тәрбие беру, дін мәселесін үйлестіреді. Аудан тұрғындары арасында идеологиялық, үгіт-насихат топтарының жұмыстарына бақылау жасайды. Әлеуметтік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, діни ұйымдармен қарым-қатынасты нығайту. Ауданның білім беру, мектептен тыс, мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын үйлестіредіп, қадағалайды. Білім, мәдени спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және қаржыландыру шараларын ұйымдастырады. Аудан көлемінде көпшілік мәдени шараларды бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырады. Аудандық спорттық-көпшілік шаралардың ұйымдастыруына және өткізілуіне бақылау жасайды. Аудан мекемелердегi техникалардың техникалық байқаудан өтуiне жалпы басшылық жасайды. Ауыл шаруашылығы және аграрлық өнеркәсіптік кешенінінің даму жұмыстарын үйлестіру. Ауыл шаруашылық саласын дамыту, өнім өндеу өндірісі жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын және сапалы ет өнімін өндірушілерді мемлекет тарапынан қаржылық қолдау (субсидиялау) жұмыстарына басшылық жасау, қадағалау және ұйымдастыру. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және өткізу, аграрлық кешенінде инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру, мал шаруашылығы мен аграрлық кешеннің техникалық жабдықтау, ауыл шаруашылық жәрменкелерін ұйымдастыру, ауыл шаруашылық және мал шаруашылығына қатысты статистикалық мәлімет мәселелерімен айналысады. Ауыл шаруашылық жәрменкесін ұйымдастыралуына қадағалау. Мал дәрігерлік профилактикалық шаралардың, өсімдік зиянкестеріне қарсы күрес бағдарламаларының орындалуын қадағалау.Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Өз міндеттерін ИСО 9001:2008 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сай атқарады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.magauyanova@akimvko.gov.kz
- 13.10.2025
- «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
71-31-38, 71-31-37