Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) бас инспекторы, санаты D-3 (1 бірлік), ЕСУП(С-10) коды, (А функционалдық блогы).

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Құқық және экономика негіздері
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Қосымша талаптар

арнайы педагогика

Функционалды міндеттер

3.1.Функционалдық міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша талдау және мониторинг жүргізеді. 3.2. Атқарушы органдар: денсаулық сақтау басқармасы; табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы; мәдениет басқармасы; ветеринария басқармасының кадрларға соның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлауды жүзеге асырады. 3.3. 3.2. тармақта көрсетілген атқарушы органдарда конкурстық іріктеулерді ұйымдастырады. 3.4. 3.2. тармақта көрсетілген атқарушы органдардакадрлық іс-жүргізуді, соның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесінде жүргізеді. 3.5. 3.2. тармақшада көрсетілген атқарушы органдарда кәсіби бейімделуді және тәлімгерлікті ұйымдастырады. 3.6. 3.2. тармақта көрсетілген атқарушы органдарда мемлекеттік қызметшілердің тәжірибеден өтуін ұйымдастырады. 3.7. 3.2. тармақта көрсетілген атқарушы органдарда конкурстық, тәртіптік, аттестациялық және кадрлық мәселелер бойынша және басқа комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. 3.8. 3.2. тармақта көрсетілген атқарушы органдарда мемлекеттік қызметке кіру, кадрларды іріктеу, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, аттестация және оқыту процедураларын, соның ішінде персонал бойынша автоматтандырылған бірыңғай базада (ақпараттық жүйеде) сақтауды қамтамасыз етеді. 3.9. 3.2. тармақта көрсетілген атқарушы органдарда мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты құжаттарды рәсімдеу, мемлекеттік қызметшілердің жеке мәліметтерін есепке алуды, қызметтік тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау жүргізуді ұйымдастырады. 3.10. Кадр қызметі құзыреті шегінде жәке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. 3.11. 3.2 тармақта көрсетілген атқарушы органдардың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық міндеттерін, біліктілік талаптарын, бөлім ережелерін әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді. 3.12. 3.2. тармақта көрсетілген атқарушы органдардың әскери міндетті және әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу бойынша жұмысты жүргізеді. 3.13. 3.2. тармақта көрсетілген атқарушы органдар басшыларының еңбек демалысына шығу кестесін қалыптастырады. 3.14. Мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын жүзеге асыруға қатысады. 3.15. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында облыс әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың кадрлық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша өтініштері негізінде бірыңғай кадр қызметінің құзыры шегінде (тыңдау хаттамаларын, алдын ала шешімдерді, хабарламаларды, әкімшілік шешімдерді және тб, дербес жүргізу) бөлімнің әкімшілік рәсімдерін тікелей жүзеге асырады. 3.16. Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамада белгіленген жағдайларда қызметтік тергеу жүргізеді. 3.17. Өз құзіреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды. 3.18. Өскемен қаласы, Глубокое, Үлкен Нарын аудандары әкімдері аппараттарының кадр мәселесі бойынша қызметін үйлестіреді (қадағалайды). 3.19. 3.2 тармақта көрсетілген Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган басшыларының және басшылары орынбасарларының, 3.18 тармақта көрсетілген қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының бос лауазымдарына конкурстық комиссияларының жұмысын ұйымдастырады. 3.20. Облыс әкімінің сайтында кадр мәселелері бойынша материалдарды уақытылы дайындап, жаңартады. 3.21. Мемлекеттік органның интранет-порталында (МОИП) «Кадр» модуліндегі деректерді жүргізеді және өзектендіреді. 3.22. Бұлтты құжат айналымы (БҚА) және «e-Оtinish» ақпараттық жүйелерінде пайдаланушылардың тіркелгісін өзектендіреді. 3.23. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Өз қызметін жүзеге асыру барысында кадр қызметінің бас инспекторы ішкі еңбек тәртібін сақтауға міндетті және қолданыстағы заңнамада қарастырылған белгілі іс-қимылдар жасауға барудан бас тартуы тиіс.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.09.2025 – 25.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МВ

Сұхбаттасу күні

29.09.2025

Сұхбаттасу орны

Өскемен қ., М.Горький к., 40, ZOOM арқылы өтеді

Анықтама алу үшін байланыс

713169