Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, санаты E-1, (1 бірлік), коды (№Р-3), А функционалдық блогы
Шығыс Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Өнер
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Әскери іс
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Бастапқы әскери дайындық
- Дене шынықтыру және спорт
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Әлеуметтік жұмыс
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Спорт менеджменті
Функционалды міндеттер
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат бөлімдерінің және Ұлан ауданының мансап ортағының жұмысына басшылық жасайды. Өз құзыреті шегінде жобалық басқару жұмысын ұйымдастырады. Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету және санаттарын және көмек мөлшерін анықтау бойынша, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес, мемлекеттік наградтау, отбасы және әйелдер істері және қорғаншылық пен қамқоршылық бойынша органның, ономастика, мемлекеттік символдар бойынша комиссиялар жұмыстарына басшылық жасайды. Өз құзыры шегінде облыс әкімі мен аудан әкімі арасындағы меморандумның негізгі мақсатты индикаторларының орындалуын ұйымдастырады. Аудандық білім, мұрағат қызметінің, «Казпошта» аудандық филиалының, аудандық санитарлық эпидемиологиялық станциясы басқармасының, қайырымдылық қорларының және көші-қон қызметінің, денсаулық сақтау ұйымдары жұмыстарын үйлестіреді. Мыналарды: әлеуметтік-саяси жағдайды зерттеу және болжау; әлеуметтік қайшылықтардың алдын алу және шешу тетіктерін қалыптастыру; мәдениет пен өнер және дін саласындағы міндеттерді іске асыруды ұйымдастырады; саяси партиялармен, қоғамдық, кәсіподақ, жастар ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, діни конфессиялармен, шығармашылық ұйымдармен, ардагерлермен атқарылатын жұмыстарды; мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тіл саясатын дамыту жұмысын; қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін; геральдика, мемлекеттік символдар, онамастика мәселелерін; аудан әкімі жанындағы жастар саясаты жөніндегі, отбасылық-демографиялық саясат, конфессияаралық және ұлтаралық келісім, мемлекеттік, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Әлеуметтік-саяси процесстерді зерделеуді, саяси жағдай мен аудан дамуының маңызды мәселелері жөнінде қоғамдық пікірді болжаудың мониторингін ұйымдастырады. Әлеуметтік қайшылықтардың алдын-алу және жою механизмдерін қалыптастырады. Барлық деңгейдегі сайлау компаниялары кезінде қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізуді үйлестіреді. «Дарын» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметін үйлестіру. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларының, оны қорғау және қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды бақылайды. Функционалдық міндеттеріне байланысты облыстық басқармалармен, аудандық құрылымдық бөлімдермен қарым-қатынасты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Аумақтық құрылымдық бөлімдер және басқармалармен: қорғаныс істері, аудандық медициналық ұйымдарымен, аудандық қазпошта филиалы, аудандық «Ұлан таңы» газетінің редакциясымен жұмысты үйлестіреді.
Жетекшілік ететін салалар бойынша бақылауды қамтамасыз етеді:
1) аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын;
2) мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, ауданның аумағын дамыту бағдарламасының іске асуын;
3) ауданның, ауданның ауылдық округтері мен кенттері әкімдіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының ішкіаумақтық талдау көрсеткіштерінің;
4) мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің сапасы мен толықтығын бақылауды.
Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік пен әскери қызмет, сондай- ақ азаматтық қорғаныс саласындағы қорғаныс және Әскери Күштер туралы заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Жетекшілік ететін салалар мәселелері бойынша қабылданған әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамалар талаптарына және мемлекет саясатына сәйкестігі үшін, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының және де басқа ұйымдастыру-өкімдік сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуына дербес жауапты. Өз құзырлығы шегінде ауылдық округтер менкенттер әкімдіктерінің жұмысын үйлестіру. Жетекшілік ететін салалары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салаларда цифрландыруды енгізеді. Жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жұмыстарын жүргізеді. Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруды үйлестіру. Ауданда мәдениет нысандары мен спорт саласы ұйымдарының материалдық – техникалық базасын нығайтудың қамтамасыз етілуін жүзеге асыру, олардың жұмыстарын үйлестіру және бақылау. Мемлекеттік спорттық ұйымдарға әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асыру және олардың іс-әрекеттерін үйлестіру. ИСО-9001 халықаралық стандарттардың талаптарын орындайды. «Бұлттық құжат айналым» (БҚА), «e-Otinish» және «е-Қызмет» ААЖ-де жұмыс жасау және жұмысты қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.amanzholova@akimvko.gov.kz
- 04.09.2025
- Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 511 каб. ZOOM арқылы өтеді
-
71-31-69