Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары, санаты D-O-2 (1 бірлік), Р-2 (А блогы)
Шығыс Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
- Жобаны басқару
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Басқарма басшысының орынбасарына мынадай міндеттер жүктеледі: басқарма бөлімдерінің қызметін үйлестіру; бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау; ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; "Ветеринария туралы" ҚР Заңының және Басқарманың қызметіне қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылау. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру. Облыс аумағында ветеринариялық- санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс- шаралар жүргізуді ұйымдастыру. Облыс қалаларының, аудандарының жергілікті атқарушы органдарына ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру. Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды қалаларға, облыс аудандарына сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу, ветеринариялық паспорт дайындау үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалардың, жұмыс жоспарларының, директивалық құжаттардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыру, қамтамасыз ету және бақылау. Халық арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларды қабылдауды жүзеге асыру. ҚР Президентінің Жарлықтарының, ҚР Үкіметінің қаулыларының, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ПМК құжаттарының; облыс әкімінің өкімдерінің, облыс әкімдігінің ШҚ қаулыларының, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының хаттамалық шешімдерінің; облыстық мәслихаттың ШҚ шешімдерінің; облыстық әкімдіктің бақылау секторы құжаттарының; жоғары тұрған мемлекеттік органдардың құжаттарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері. Басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылға бағытталған шаралар қабылдау. Өз құзыреті шегінде басқармада ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерін, мәслихат шешімдері мен әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Заңнамада белгіленген мемлекеттік, еңбек тәртібін, қызметтік әдеп нормаларын және ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.amanzholova@akimvko.gov.kz
- 03.09.2025
- Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 509 каб. ZOOM арқылы өтеді
-
713169