Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар әлемін қорғау бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік, №ОЖМ-1, функционалдық блок «А»)

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Биология
  • География
  • Экология
  • Биотехнология
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Геоботаника
  • Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, жоспарлау және ұйымдастыруды жүзеге асыру; жедел отрядтың жануарлар әлемін қорғау және балық шаруашылығы салаларындағы қызметтеріне әдістемелік басшылық пен бақылау жасауды жүзеге асыру; облыстық атқару органымен бірлесіп жануарлар әлемін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарын бекітіп беру бойынша конкурс жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу; орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің жануарлар әлемін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды (учаскелерді) ұсыну  бойынша заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізу және бастапқы құжаттарды рәсімдеу үшін бақылау жасау; бөлімнің жануарлар әлемін қорғау мен балық шаруашылығына бақылау жасау және пайдалануды күзету мәселелері бойынша әзірленген құжаттарын бекіту; жануарлар әлемі мен балық шаруашылығын қорғау, пайдалану және бақылау мәселелері бойынша бөлімнің әзірлеген құжаттарын бекіту; бөлімнің және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің орман күзетінің қызметкерлерінің  кәсіптік дайындығын және жануарлар әлемі мен балық шаруашылығы саласындағы білім деңгейін арттыру бойынша сабақтар жүргізу; орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің Қазақстан Республикасының жануарлар әлемін қорғау мен балық шаруашылығы саласындағы кодексінің тиісті баптарын қолдануларына және білімдеріне бақылау жасау; басқарманың функционалдық қарауындағы аумақтарда жануарлар әлемі мен балық шаруашылығын қорғау, молықтыру және пайдалану салаларына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру; орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері мен жедел отрядтың орман күзеті қызметкерлерінің қызметтерін үйлестіру және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру, жануарлар әлемін қорғау және балық шаруашылығы саласындағы нормативтік құжаттарды орындау; жануарлар әлемін қорғау және балық шаруашылығы бойынша орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің және жедел отрядтың жануарлар әлемі мен балық шаруашылығын қорғау, молықтыру және пайдалану бойынша жұмысына талдау жасау, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу; орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отрядтың қызметтерін тексеру бойынша комиссияның жұмысына қатысу; жануарлар әлемін қорғау және балық шаруашылығы саласындағы браконьерлікпен күрес бойынша жұмысты ұйымдастыру; жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту бойынша ұсыныстар енгізу; жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу; жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қауіпі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу; сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру; аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу; рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу; балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу; екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру; басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы берген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.08.2025 – 25.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МВ

Сұхбаттасу күні

28.08.2025

Сұхбаттасу орны

Өскемен қ., М.Горький к., 40, ZOOM арқылы өтеді

Анықтама алу үшін байланыс

71-31-69