Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің орынбасары, А- функционалдық блогы(Р-4)
Шығыс Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Математика
- Информатика
- Құқық және экономика негіздері
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Әлеуметтік жұмыс
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Математика-Физика
- Математика-Информатика
Функционалды міндеттер
Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. Аудандық экономика және қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, мұрағат, ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Күршім ауданының мансап орталығы» филиалының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпорациясы» КЕАҚ ШҚО бойынша халыққа қызмет көрсету бойынша Күршім ауданының филиалы- Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Күршім ауданының бөлімі, сақтандыру фирмалары, банк бөлімшелері, мемлекеттік еңбек инспекциясы, қазынашылық, мемлекеттік кірістер, статистика мекемелерінің жұмыстарын үйлестіреді. Аудан бюджетін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау және болжау, аудан бюджетін қалыптастыру, кіріспен қамтамасыз ету, аудан бюджетініңі шығыс бөліктерін орындау, бюджет қаражатын мақсатты пайдалану, коммуналдық меншік объектілерін тиімді пайдалану мәселелері бойынша даму институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелерімен айналысады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасын, ҚР мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, «Бизнестің жол картасы-2025», 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамуы бағдарламаларының, тағы басқа мемлекеттік және салалық, үкіметтік бағдарламаларының іске асырылуын үйлестіреді. Халықтың көшу және демография реформаларын жетілдіру сұрақтарына басшылық етеді. Еңбекпен қамту, әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамтамасыз ету сұрақтарымен айналысады. Ауданның рейтингісін анықтайтын салалар бойынша жұмыс жүргізеді. Жетекшілік ететін салалар бойынша:Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының сапалы және толық орындалуын; Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын және ішкі аймақтық талдауын бағалау үшін мақсатты негізгі индикаторларға қол жеткізу бойынша меморандум көрсеткіштеріне қол жеткізілуін; Облыстық деңгейде жүргізілетін бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне қол жеткізуге бақылауды қамтамасыз етеді.Аудандық әкімдік қабылдаған қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес салаларда мемлекет саясатына сәйкестігі үшін, сондай-ақ аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының және ұйымдастыру-өкімдік сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуына дербес жауапты болады.Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салаларында цифрландыруды енгізеді. Өз құзыры шегінде жобалық басқару жұмысын, Шығыс Қазақстан облысы әкімі мен аудан әкімі арасында қол қойылған меморандумның негізгі мақсатты индикаторларының орындалуын ұйымдастырады.Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді. Мынандай комиссиялардың, кеңестердің, жұмыс топтарының жұмыстарына басшылық жасайды:1. Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша комиссия.2.Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан жоғары тылда еңбек еткен адамдарға еңбек өтілін анықтау үшін аудандық комиссия.3. Күршім ауданындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі аудандық комиссия.4.Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру өтініштерін қарау бойынша аудандық комиссия.5.Үйде арнайы әлеуметтік қызметтер алушы қарттардың еңбекке жарамды балаларымен жанұялық жанжалдарды анықтау және ұсыну немесе одан бас тарту туралы шешімдер қабылдауға арнаулы тұрақты комиссия.6.Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға жеңілдіктер және өтемақы алу құқығын растайтын куәлікті беру жөніндегі арнайы комиссия.7.Күршім ауданының коммуналдық меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану үшін тұрақты комиссия.8. Күршім ауданы бойынша мүгедектерді әлеуметтік әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі.9. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бойынша Күршім ауданыныа ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі аудандық жұмыс тобы. “Бақылау күні” өткізілуіне жауап береді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.magauyanova@akimvko.gov.kz
- 23.04.2025
- «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
71-31-38, 713137