Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары, А- функционалдық блогы,(01-01/03)
Шығыс Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Өнер
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Денсаулық сақтау
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Дене шынықтыру және спорт
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Спорт менеджменті
- Тарих-Дінтану
- Мемлекеттік басқару
- Өңірлік даму
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуын үйлестіру.Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімінің (оның ішінде ведомствоға бағынысты ұйымдар), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің (оның ішінде ведомствоға бағынысты ұйымдар) қызметін үйлестіру. Облыстық аумақтық білім беру, денсаулық сақтау бөлімдері, Агротехникалық колледж, тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдары, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, ӨКМ, жергілікті полиция қызметі, аудандық «Арай-Луч» газеті бөлімдері.Денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіру.Ұйымдастыру: әлеуметтік-саяси жағдайды зерттеу және болжау; ауданда Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау;әлеуметтік қайшылықтардың алдын алу және жою тетіктерін қалыптастыру; мәдениет және өнер, дін саласындағы міндеттерді іске асыру.Келесі жұмыстарды ұйымдастыру: өз құзыреті шегінде жобалық басқару, цифрландыруды енгізу бойынша; ауылдық елді мекендерге тұру және жұмыс істеу үшін келген мамандарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша; ономастикалық комиссияның;кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі;ақпараттық саясат бойынша;үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша;әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат;халық денсаулығын сақтау мәселелері бойынша;тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету мәселелері бойынша;техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау бойынша;шақыру комиссиясы.Үйлестіру: саяси партиялармен, үкіметтік емес бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастар ұйымдарымен, діни конфессиялармен, шығармашылық одақтармен, этномәдени бірлестіктермен, ардагерлер және кәсіподақ ұйымдарымен жұмыс;мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тіл саясатын дамыту жөніндегі жұмыстар; қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі; кадрлар даярлауды жүзеге асыратын ауданның жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік мектептерінің, кәсіпорындары мен мекемелерінің қызметі; мемлекеттік рәміздер, ономастика мәселелері; дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері.Ономастика, ақпараттық саясат, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, кадрлар даярлау жөніндегі аудандық комиссияларға басшылық ету.Жастар ісі жөніндегі аудандық Кеңестің, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету.Аудандық шақыру комиссиясына басшылық ету.Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.Функционалдық міндеттемелерге сәйкес өзара іс-қимылды қамтамасыз ету: өңірлік деңгейде-Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерімен.Өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары тұрған органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының сапалы және толық орындалуына; ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын ішкі өңірлік талдау көрсеткіштеріне; мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына жауапты; өңірлік деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне; «Рухани жаңғыру» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешу жөніндегі аудандық қоғамдық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету.Жолдама бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Әкімдік қабылдаған қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес салаларда мемлекет саясатына сәйкестігі үшін, сондай-ақ облыс, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының және ұйымдастырушылық-өкімдік сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуына дербес жауапты болу.Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімдер мен ауылдық әкімдіктердің жұмысын үйлестіру.Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.magauyanova@akimvko.gov.kz
- 01.11.2024
- «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
71-31-38, 71-31-37