Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің орынбасары, (Р-1), А функционалдық блогы

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

Е-1 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Су шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құқықтану
  • Сәулет
  • Экология
  • Автоматтандыру және басқару
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Көлік құрылысы
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Кадастр
  • Логистика (сала бойынша)
  • Инженерлік жүйелер және желілер

Қосымша талаптар

А-1, В-1,С-1, С-О-1, С-R-1, D-1, D-O-1, D-R-1, E-1, E-R-1санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жэазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағиданың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

Функционалды міндеттер

Ауданының сәулет,  қала құрылыс және құрылыс, ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің  жұмысын үйлестіру. Төтенше жағдайлар,  авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жою мәселелерін ұйымдастыру.

Зайсан аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен (№43 Зайсан қаласының өрт сөндіру бөлімі),  аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы көпсалалы коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Зайсан», аудан әкімдігінің жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Зайсан Тазалық»,  «Қазавтожол» ЖШС-нің ШҚО бойынша филиалының ЖПБ -33 бөлімшесі, аудандық телекоммуникация мекемеcімен, құрылыс мекемелерімен, ШҚ «РЭК» акционерлік қоғамымен, «Қазпошта» Акционерлік қоғамының Зайсан аудандық пошталық байланыс басқармасымен, «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Зайсан өндірістік учаскесімен, «Зайсан орман шаруашылығы» КММ, «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Зайсан өндірістік учаскесімен, «Жер ресурстары және жерге орналастыру бойынша мемлекеттік ғылыми өндірістік орталығы» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорының Шығыс Қазақстан облысы филиалының, Зайсан аудандық кадастр бөлімшесімен өзара қызметті қамтамасыз ету.Энергетика, газбен қамтамасыз ету, мұнай өндірісі, телекоммуникация, байланыс, автомобиль және әуе  көлігі, республикалық, облыстық, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау, тұрғын үй саясатын, коммуналдық шаруашылық жүйелерінің мәселелеріне бақылау жасайды. Құрылыс нысандары мен күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті жобалық сметалық құжаттарын дайындау мәселелері, Бас жоспарларға сәйкес елді мекендерді  сәулеттендіру, көгалдандыру мәселелері.Қыс маусымына дайындықты,  электр, жанар-жағар майдың, отынның лимитінің сақталуына, қаржысының уақытында бөлінуіне басшылық жасайды. Аудандағы құрылыстың (Республикалық, облыстық, жергілікті) қаржысының уақытында бөлінуін, игерілуін  қадағалау. Санитарлық тазалыққа басшылық жасайды. Елді мекендердің  су  құбырлары және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылымын басқару. Қоршаған ортаны қорғау, экология мәселелеріне басшылық жасайды.  Қыс маусымына дайындық бойынша аудандық штабтың жұмысын, күз-қыс маусымында тіршілікті  қамтамасыз ету нысандарының тұрақты жұмыс істеуін үйлестіреді. Ауданда жүргізілетін құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының уақытында және сапалы атқарылуын қамтамасыз етеді. Аудандағы Р-1, Р-2 магистральды каналдардың, «Үйдене» су қоймасының қауіпсіздігіне және жұмыс істеуіне жауапты.  Ауданда елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстарының жүруін бақылайды, тазалық айлықтарының өтуін ұйымдастырады. Аудандағы жер мәселелерімен шұғылданады, Қазақстан Республикасының  Жер Кодексіндегі талаптарының сақталуына  бақылау жасайды.  Су шаруашылығы, орман және аң шаруашылығы мәселелерімен айналысады. Өз міндеттерін ИСО 9001:2008 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сай атқарады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.06.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.06.2024 – 21.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

25.06.2024

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

71-31-38, 71-31-37