Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (2025 жылғы 17 қаңтарға дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс уақытына) санаты D-O-4 (1 бірлік), ОПГЗ-3 коді, (А функционалдық блогы)
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Ақпараттық жүйелер
- Тау-кен ісі
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Тапсырыс берушілердің келісімі бойынша уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес Бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу.
Конкурс және (немесе) аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуге өтінімдер беру мәселелері бойынша Тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу және Веб-порталда бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруларды, конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, ол болған кезде конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ басқа да құжаттарды веб-порталда орналастыру.
Жүктелген міндеттер шеңберінде соттарда, мемлекеттік органдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында және өзге де ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мүдделерін білдіру.
Инженерлік желілерді, ғимараттар мен құрылыстарды және автомобиль жолдарын салу (реконструкциялау, күрделі, орта және ағымдағы жөндеу) саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат жинауды, сондай-ақ облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асыру.
Инженерлік желілерді, ғимараттар мен құрылыстарды және автомобиль жолдарын салу (реконструкциялау, күрделі, орта және ағымдағы жөндеу) саласында, сондай-ақ әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша есептілік жүргізу.
Қалалар мен аудандардың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерімен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік сатып алу мониторингі және мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын есептілікті жинақтау бойынша жұмыстар жүргізу.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алулары байынша ақпаратқа ай сайын мониторинг жүргізу.
Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік кәсіпорындар есептілігі әкімшілерінің келісімі бойынша веб-порталда жұмысты жүзеге асыру, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу есептілігі әкімшілерінің құрылымы бойынша консультация беру.
Тапсырыс берушілердің жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша, инженерлік желілерді, ғимараттар мен құрылыстарды және автомобиль жолдарын салу (реконструкциялау, күрделі, орта және ағымдағы жөндеу) жөніндегі техникалық ерекшеліктерін қарап конкурс және (немесе) аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және өткізу туралы басқарма бұйрықтарының жобаларын дайындау.
Ұсынылған есептілік деректерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көрсетілген мемлекеттік сатып алулармен, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдермен есепті деректерді салыстыруды жүзеге асыру.
Сумен жабдықтау жүйесі (сумен жабдықтаудың жер асты көздері) ретіндегі инженерліқ құрылыстар, су жинау құрылыстары саласында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.begalieva@akimvko.gov.kz
- 21.02.2024
- Өскемен қ., М.Горький к., 40, 527 кабинет / ZOOM арқылы
-
71-31-69