«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ қаржы бөлімінің бас маманы, В функционалдық блогы, 1 бірлік, коды (№ҚБ-2)

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Жүктелген өкілеттік шегінде өз жұмысына  жауапты және  жұмысының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін  бюджеттік бағдарламаларды (республикалық бюджет бойынша) жасайды және оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ оларды бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының орындалуын бақылайды. Республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер бойынша келісімшарттар жасайды және қол қойғызады. Бюджетті нақтылау кезінде оларға уақытында өзгерістер енгізеді; Республикалық трансферттер бойынша салалық министрліктерге қаржының игерілуі туралы ақпараттарды ай сайын ұсынады. Нысаналы трансферттер туралы келісімшарттар бойынша аралық және қорытынды есептер жасайды және оларды салалық министрліктерге жолдайды. Бюджетті бекіту және түсіндіру кезінде республикалық бюджеттің бюджеттік бағдарламаларын уақтылы растау және бекіту; Республикалық трансферттер бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілейді. Жетекшілік ететін  бюджеттік бағдарламалар бойынша (республикалық бюджет бойынша) бюджеттті нақтылау жөнінен ұсыныстар енгізеді. Статистика органдарына бюджетті дамыту бағдарламалары бойынша белгіленген айлық, тоқсандық және жылдық есептерді белгіленген нысанда ұсынып отырады. Экономика және қаржы басқармаларына белгіленген айлық, тоқсандық және жылдық есептерді ұсыну; Келісімшарттар бойынша міндеттемелерді тіркеуге өтінімдерді қалыптастыру, қажет болған жағдайда қосымша келісімшарттарды тіркеу;  «1С-Бухгалтерия» бағдарламасы арқылы қажетті құжаттарды (келісімшарттар, жұмыстарды қабылдау актілерді) енгізіп, шот-фактуралар расталғаннан кейін жасалған келісімшарттар бойынша төлем ақы жүргізу; Атқарылған жұмыс актілері мен төлем шоттарын арнайы журналға тіркеп есептілікке алу; Әлеуетті өнім жеткізушілер  бойынша (№2 және № 6 мемориалдық ордерлерді  жүргізеді (бюджеттік даму бағдарламалары бойынша). Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тауар жеткізушілерге қатысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді есепке алады. Басқарма тапсырыс беруші болып табылатын объектілерді салу кезіндегі жобалау-сметалық құжаттарды Басқарма балансына уақытында қабылдау; Банктік кепілдіктерді уақтылы ұсынылуын, банктік кепілдіктерді есепке ала отырып, шарттар бойынша бақылауды жүзеге асыру; Кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру, құқықтық білім деңгейін арттыру, бөлім басшысының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.10.2023 – 06.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

08.11.2023

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Өскемен қ., М.Горький к., 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

71-31-38, 71-31-37