Үйлестіру басқармасының ардагерлермен және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-О-4 санаты, код № (09-02), (А функционалдық блогы),
Шығыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогика және психология
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлеуметтік жұмыс
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, мансап орталықтарына бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетеді; Басқарма басшысының өкімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді; Оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау мәселелері бойынша мониторингті қамтамасыз етеді; Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтеріне қажеттілікті жоспарлауды, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуді жүзеге асырады; Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жоспарын ұйымдастырады. Өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін паспорттау және бейімдеу процесіне мониторингті жүзеге асырады; Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстық әкімдік, басқарма өткізетін семинарларды, кеңестерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасауға қатысады. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысады және оларды жоғары тұрған органдарға ұсынады; Аумақты дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшысының жанындағы алқалар мен кеңестерде қарау үшін ақпараттық материалдарды, жобаларды, баяндамаларды, шешімдер мен өкімдерді дайындауға қатысады; Бөлімнің құзыретіне кіретін нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізеді; Әкімдіктің қаулыларын, облыс әкімі мен облыс әкімі орынбасарларының тапсырмаларын орындау бойынша ақпарат дайындауды жүзеге асырады. «Е-Собес» АЖ бағдарламасына мониторинг жүргізеді; Жеңіс күніне, Қарттар күніне арналған жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады; Мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі мамандарды, оның ішінде жестау тілі мамандарын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.amanzholova@akimvko.gov.kz
- 08.09.2023
- Өскемен қ., М.Горький к., 40 ZOOM арқылы өткізіледі
-
713169