«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің бас маманы, А-функционалдық блогы, (ОЖХВИВ-5) 1 бірлік (негізгі маманның бала күту бойынша демалысы кезеңіне 11.07.2025 жылға дейін)

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Экономика
  • Экология
  • Гидрология
  • Автоматтандыру және басқару
  • Мұнай газ ісі
  • Аспап жасау
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Көлік құрылысы
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Функционалды міндеттер

Облыстың жылумен қамтамасыз ететін көздерінің, әлеуметтік және коммуналдық  объектілерінің, үйлердің қысқы жағдайда жұмыс істеу дайындығына бақылау жасау. Өз құзыреті шегінде әкімдік, мәслихат қаулыларының жобасын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін жасауға қатысу. Бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша жұмыс кеңестерін, семинарларды дайындау жұмысын ұйымдастыруға қатысу. Өз құзыреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық саласындағы мемлекеттік саясатты және мақсаттық бағдарламаларды іске асыруды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыстың елді мекендерін көріктендіру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Бюджеттік ұйымдардың, халықтың және заңды тұлғалардың пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін қарыздарын төмендету бойынша мониторинг жүргізуді және бақылау жасауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде Басқарма басшысының баяндамалары мен есептерін дайындауға, сондай-ақ облыс әкімінің есеп беру кездесулеріне ақпарат дайындауға қатысу. Облыс әкімдігінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру. Бақылынатын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен жүгінулерін уақытында және сапалы  қаралуын қамтамасыз ету. Қадағаланатын мәселелер бойынша бөлім жұмысы туралы есеп және ақпарат дайындау. Азаматтардың жүгінулерін қарауға қатысу. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмыс кеңестерін, семинарларды дайындау жұмысын ұйымдастыруға қатысу. Өз құзыреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты және мақсаттық бағдарламаларды іске асыруды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыстың елді мекендерін көріктендіру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Бөлімдегі іс жүргізуге бақылау жасау. Өз құзыреті шегінде басқа өкілеттіктерді жүзеге асыру. Басқармада  құрылған облыстық коммуналдық-техникалық қызметпен бейбітшілік және соғыс кезінде  азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша арнайы шаралардың орындалуын жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде басқа өкілеттіктерді жүзеге асыру, кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту жөніндегі жобалардың іске асырылу барысының мониторингі;жер асты суларының қорларын барлау бойынша геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау; облыстың елді мекендерін абаттандыру, жарықтандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;облыстың елді мекендерінде коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруды ұйымдастыру;өз құзыреті шегінде қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асыру;облыстың елді мекендерінде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыстардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру. коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарын орнату жөніндегі іс-шараларды жүргізу, Қазақстан Республикасы Президентінің тұрғын үй қорына жалпыүйлік жылу есептегіштерін орнату жөніндегі тапсырмасын (жол картасын) орындау жөніндегі ҚР ҰЭМ іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жаңа технологияларды енгізу бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;жобалық кеңсенің Easy project бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу мен реконструкциялаудың іске асырылып жатқан жобалары бойынша деректердің толтырылуын үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;облыстың әрбір ауылдық елді мекенін сумен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының интерактивті картасына деректердің толтырылуын үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру. Облыс халқына газбен жабдықтаушы кәсіпорындардың сұйытылған мұнай газын жеткізу және өткізу, сұйытылған мұнай газына жиынтық өтінімдер беру бойынша мониторингті жүзеге асыру;басқармада құрылған облыстық коммуналдық-техникалық қызметтің бейбіт және соғыс уақытында АҚ және ТЖ бойынша іс-шараларды орындауын жүзеге асыру;ТЖ алдын алу және жою бойынша республикалық және облыстық командалық-штабтық жаттығуларға қатысу;сұйытылған мұнай газының қажетті көлемін бөлу бойынша жиынтық өтінімді қалыптастыру үшін газ желісі ұйымдарынан өтінімдер қабылдау;сұйытылған мұнай газын өткізу бағасы мен көлемі бойынша тиісті есептерді уәкілетті мемлекеттік органдарға уақтылы жіберу;тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіздігін пайдалану бойынша тексеру жүргізу бөлігінде қалалар мен аудандардың тұрғын үй инспекцияларының қызметіне талдау жүргізу. Өз құзыреті шегінде көлік құрылысы облыстың елді мекендерін абаттандыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғырту жөніндегі жұмыстарды орындауға әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден қаражат бөлу бойынша бюджеттік өтінімдерді дайындауды жүзеге асырады;бағдарламалар шеңберінде басқарма алдына қойылған міндеттерді орындауға бағытталған мемлекеттік қаражаттан бөлінген қаражатты әзірлеуге, келісуге және бөлуге/қайта бөлуге немесе нақтылауға қатысу;коммуналдық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қаржы-экономикалық қызметін талдау;тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің қолданыстағы тарифтері мен бағалары туралы талдау жүргізу;коммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламасын (жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру) бекіту бойынша өтінімдерді қарау;пайдасыз коммуналдық кәсіпорындардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады;пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін облыс халқының, кәсіпорындары мен ұйымдарының берешегі бойынша ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды жүргізу, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін берешекті өтеу бойынша жұмыс жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.08.2023 – 21.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

23.08.2023

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Өскемен қ., М.Горький к., 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

71-31-37, 71-31-38